Шілде айының 11-і мен 19-ы аралығында Павлодар облысы аумағында республикалық «қауіпсіз жол» жедел алдын-алу шарасы ұйымдастырылды. Полиция қызметкерлері шара аясында бірқатар бұзушылықтарды анықтағандщықтарын айтты. Ал, тамых айының 25-нен бастап жаңа жол ережесі күшіне енеді.
Жедел алдын-алу шаарсы кезінде 2700 ден астам бұзушылық анықталыпты. 73 адам мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылса, 151 адам көлік жүргізуге құқығы болмаса да рульге отырған. Ал, бұрын көлік басқаруға құқығы болып, белгілі себептермен қайтадан айырылған 21 адам заңсыз түрде көлік жүргізген. Бұдан да өзге бұзушылықтар көптеп тіркелгендігін жеткізді спикер. Мамандандырылған айып тұрағына жалпы 207 көлік қамалған. Спикер тамыз айынын бастап жол жүріру ережесіне еніп жатқан жаңа өхгеріске де тоқталды.
Қуаныш Мұстафин, Павлодар облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары
2026-жылдың 25-тамызынан бастап жаңа өзгеріс күшіне енеді. Өзгеріс әуелі жасы 65 тен асқан сондай-ақ, мүгедектігі бар көлік жүргізушілеріне қатысты. Осы санаттағы адамдар екі жыл сайын медициналық тексерістен өтуі тиіс. Міндетті медициналық тексерістің сипаттары денсаулық сақтау және ішкі істер министрлігінің ақпапарат жүйесіне беріледі. Егер осы мемлекеттік ақпараттық жүйеде тексерістен өткені туралы ақпарат болмаса немесе денссаулығында көлік жүргізуге келмейтін жағдайлар болса олардың көлік жүргізуге құқығы болмайды... Инвалидностю 02.56
Сонымен қатар, жол ережесін өрескел бұзған азаматтар жол ережесі емтиханын қайтадан тапсырады. Мас күйінде көлік басқарғандарға жауапкершілік бұдан да күшейеді. Сонымен қатар, тамыз айының соңыннан бастап электрсамокаттардың тротуарлармен және жаяу жүргіншілер өткелдері арқылы қозғалуына тыйым салынады.
Қуаныш Мұстафин, Павлодар облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары
Олар тек арнайы велосипед жолақтарымен немесе жолдың жүру бөлігінің белгіленген аумақтарымен жүруі тиіс. Жолға шығатын электрсамокат жүргізушісінде жүргізуші куәлігі болуы және қорғаныш дулығасын киюі міндетті. Қараңғы уақытта немесе көріну нашар жағдайда жарық қайтаратын кеудеше қолдану қажет.
Заңнамада электрвелосипедтерді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында тіркеу тәртібі де белгіленген. Егер көліктің ең жоғары жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан аспаса және электрқозғалтқышының қуаты белгіленген мөлшерден төмен болса, оны мемлекеттік тіркеу талап етілмейді. Тәртіп сақшысы биыл Павлодар облысында электрсамокаттардың қатысуымен үш жол-көлік оқиғасы болғанын атап өтті.