Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында елімізде алғаш рет ақпарат саласының мамандарына баспана кілттері табысталды. Қуанышқа кенелгендердің қатарында павлодарлық журналистер де бар.

Маржан Шекенова облыстық «Сарыарқа самалы» газетінде 10 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Үш баланың анасы кәсіби мереке қарсаңында қоныс тойын тойлағандардың бірі. Бүгін Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Мәлікова жаңа баспаналы болған әріптестерді арнайы құттықтап барды.

Маржан Шекенова, «Сарыарқа самалы» газетінің дизайнер беттеушісі 

Мен оқыған колледжде дизайнер суретші болып оқыдым. Сосын 2016 жылы Сарыарқаға жұмысқа келдім. Ол кезде үйретті. Олар 25 жыл жұмыс жасайды. Верстальщик беттеуші газеттің дизайнын жасайды. Фотосурет жасайды. Ретушін жасаймыз. Енді мен алғысымды айтқым келеді Мемлекет басшысына, облыс әкімдігіне, Холдинге және Сарыарқа самалы ұжымына алғысым шексіз. Осы кісілерге рахемтімді айтқым келеді. 

Ал, бұл «Хабар» телеарнасының Павлодар облысындағы меншікті тілшісі Валентина Леонова. Өзекті тақырыптарды қозғап, көрерменнің көзайымына айналған журналист. Жылдар бойы баспаналы болуды армандаған Валентина үшін бұл үлкен бақыт. 

Валентина Леонова, «Хабар» телеарнасының Павлодар облысындағы меншікті тілшісі 

Мен екі баланың анасы ретінде өз үйіміздің болғаны үшін бақытыммын. Бұл ертеңгі күнге деген сенімді білдіреді. Осы ретте, Мемлекет басшысына, облыс әкіміне алғыс білдіремін. Бұл өңірлік журналистерге көрсетілген қызмет. Олардың біздің еңбекті бағалағады. Бүгін біздің отбасы үшін үлкен мереке. Себебі өз үйіңнің болғаны кез келген адамның арманы. 

Сонымен, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында биыл елімізде 66 ақпарат саласының қызметкеріне баспана кілті табысталды.

Самал Қалиқызы