Павлодар біреулер үшін бұл – балалық шағы өткен мекен болса, енді бірі үшін – отбасы құрылған, арман-мақсаттары орындалған қала. Қала күні қарсаңында арнамыздың түсірілім тобы павлодарлықтардың сүйікті орындары мен туған қаласының олар үшін қандай мәнге ие екенін сұрап білді.
Әрбір павлодарлықтың бұл қаламен байланысты өз естелігі, өз тарихы бар. Бірі балалық шақтың жарқын сәттерін еске алса, енді бірі алғашқы арманына дәл осы жерде қадам басқан.
Әлбетте павлодарлықтар үшін, осы шаһар Қазақстандағы ең жайлы әрі жасыл қала. Бастысы Павлодар сіз бен біз үшін туған үйіміз, күш-қуат алатын мекеніміз және ең қымбат естеліктер сақталған орнымыз.
Самал Қалиқызы