Екібастұз қаласында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жаңа футбол және ойын алаңдары бой көтеріп келеді. Қазіргі таңда тұрғындар игілігіне арналған нысандардың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Шаһардағы оң өзгерістер мен заманауи алаңдардың жай-күйі туралы алдағы сюжеттен көрейік.
Екібастұзда тозығы жеткен футбол мен ойын алаңдары жаңартылып, бұрын болмаған аулаларда жаңадан салынуда. Жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып, заманауи нысандарды халық игілігіне тезірек тапсыру үшін құрылыс қарқынды жүріп жатыр.
Мәди Зайкен, Екібастұз қаласы ТҮКШ бөлімі басшысының М.А.
«Ағымдағы жылы қала бюджетінен футбол алаңдарына ¬– 20 футболдық алаңға бюджеттен 500 млн теңге бөлінді. Бүгінгі күні мердігер компания – «АSЕR group» жұмыстар атқарып жатыр. Бізге 915 млн 50 балалар алаңына берді. Бүгінгі күні тоже осы компания жұмыстарды жүргізіп жатыр. Бүгінгі күні 40-тан астам балалар алаңы дайын.»
Құрылысқа жауапты мамандар нысандардың сапасына ерекше мән беріліп жатқанын жеткізді. Айтуларынша, берік құрылымдар мен төзімді материалдар қолданылып, белгіленген стандарттар сақталуда.
Айдархан Әшірбаев, учаске бастығы
«Қазіргі уақытта қабырғаларына кәдімгі темірден решенка усиленная белгіленген стандарты болады, нормасы бар, сол нормаға сәйкес қабырғаларын жасап жатырмыз. Темірден, қалыңдығы қалың, төзімді допка. Мынау «усиленный» дейді, усиление берілген орта тұстарынан бәрінен. Алаңымыз жасанды жабынмен, сапасы сметалық құжатамада көрсетілген характеристикасына сәйкес төселіп жатыр.»
Жаңадан салынып жатқан спорт алаңдарының көлемі әр ауланың ауданы мен жерасты желілерінің орналасуына қарай икемделген. Осылайша тұрғындарға барынша қолайлы жағдай жасау көзделген.
Айдархан Әшірбаев, учаске бастығы
«Футбол алаңы негізі әр жерде әрқалай. Ең максимальный 900 квадраттан басталып, жердің ауданына байланысты 900 квадрат пен 600 квадрат арасында жасалып жатыр. Өйткені кейбір үйлердің арасында коммуналдық су, свет, газдардың бір-бірімізге кдеергі келтірмейтіндей етіп, солай жасап жатырмыз. Негізгі басым көпшілігі 800 шаршы метрден болып жатыр. Балалар алаңқайлары да бар. 50 балалар алаңдарын салып жатырмыз қазіргі уақытта. Қазіргі уақытта бұл да өзінің кестесіне сәйкес, өз уақытымен жүріп жатыр. Қазіргі уақытта соңғы этаптары қалды, ойыншықтарды, элементтерді орнату мен жасанды резиналық төсеніштерді төсеп жатырмыз.»
Спорт және ойын алаңдарын тұрғызу маусым айында қолға алынды. Мердігер ұйым жұмыстарды тамыздың соңына дейін толығымен аяқтауды жоспарлап отыр.
Жұлдыз Қабылденова