Махаббат хикаялары сан қилы. Көбі сезімді әсерлі түрде білдіруден басталады. Ал, біз сөз еткелі отырған жұптың махаббаты қарапайым тілдесуден басталған. 



Барлығы өте қарапайым басталды. Дүкенге апарар жолды сұраған бір ғана хабарлама. Бейтаныс қалаға оқуға келген студент қыз үшін бұл қарапайым қатардағы хабарлама, жігіт үшін қарапайым өтініші еді. Ол кезде олардың ешқайсысы бірнеше жылдан кейін ерлі-зайыпты атанатынын ойламаған болатын.

Александр мен Камила Резниковтар, «Мерейлі отбасы» байқауының лауреаттары

Бұл қаланы білмеймін деп дүкендерді көрсетуін өтіндім. Солайша бірге жүрдік. Бір-бірімізге тартымды сыйлықтарда жасадық. Ол кезде бұның бәрі жай аяқталмайтынын түсінген жоқпын. 

Танысқандарына екі жыл толған соң олар отбасы құруға шешім қабылдады. Сән-салтанатты ұсыныссыз, тосынсыйсыз – бір күні бірге отырып, келесі қадамға дайын екендерін ашық сұрады. Екеуінің де жауабы анық әрі нақты еді. 

Александр мен Камила Резниковтар, «Мерейлі отбасы» байқауының лауреаттары

Ата-аналырымыз қарсы болған жоқ. Осылайша қарым-қатынасымызды заңдастыруды шештік. Бұл барлық жағынан екеумізге де оңтайлы шешім болды.

Жасөспірімдік сезім уақыт өте келе ересек өмірдің жауапкершілігіне ұласты. Толғаныс та, күмән де, жаңа кезең алдындағы қорқыныш та болды. Бірақ олардың жанында әрдайым ақыл-кеңесін айтып, тұрмыста қолдау көрсететін ата-аналары бар.

Александр мен Камила Резниковтар, «Мерейлі отбасы» байқауының лауреаттары

Әрине, алаңдаушылық болды. Жай ғана қыз бен жігіт болып жүру бөлек. Жауапкершілігі одан мол әрі ауыр жұбайлар болу қалай да толқытты. Алайда біз махаььаттың жақсы үлгісін көрсете алдық деп ойлаймын.

Бүгінде ерлі-зайыптылар бір мектепте бірге қызмет етеді. Екеуі де ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Әртүрлі ауысымда жұмыс істейтіндіктен, мектепте жиі кездесе бермейді. Дегенмен, үйде де бір команда болып қала беретіндерін айтады. Сабаққа дайындалуда, құжат жұмыстарында бір-біріне қол ұшын созып, әрдайым қолдау көрсетеді.


«Мерейлі отбасы» байқауына қатысу олар үшін күтпеген жағдай болды. Өтінім беруді әріптестері ұсынған, ал отбасы дайындыққа зор ынтамен кіріскен. Марапаттау рәсімінен кейін сыйға берілген Конституцияны бірге оқып шыққан олар бүгінде жаңа жоспарлар құрып жүр.

Александр мен Камила Резниковтар, «Мерейлі отбасы» байқауының лауреаттары

Конкрусқа дайындық туралы айтатын бослам, видеомонтаж және құжат дайындау жұмысымен жұбайым айналысты. Мамыр айының соңы, маусымның бас кезі болғандықтан уақытым өте тығыз болды. Жұбайым дайындаған материал маған өте ұнады. Сосын оны апарып тапсырдым. Сосын біздің байқауға қатысатынымыз туралы хабар келді.

Алдағы жылдары жас жұбайлар өз баспаналарына қол жеткізіп, ата-ана атануды армандайды. Олар бір-біріне тек үйде ғана емес, жұмыста да тірек болып, қолдау көрсетіп жүр.