Павлодар облысында жергілікті, аудандық және республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу жүргізілді. Республикалық маңызы бар жолдардың 45 шақырымы жаңарды. Сонымен қатар, Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы жалғасуда.

Биыл өңірде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүрді. 120 жоба іске асып, шалғай елдімекенге жалпы ұзындығы 445 шақырымға асфальт төселді. Нәтежесінде жергілікті жолдардың жағдайы едәуір жақсарды. Енді олардың 96%-ы талапқа сай сапалы жағдайда.

Нариман Омар, Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары

2025 жылы Павлодар облысында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеу және қайта жаңарту бойынша 120 жоба сәтті жүзеге асырылды. Жаңартылған учаскелердің жалпы ұзындығы 445 шақырымды құрады. Жылдың маңызды жетістіктерінің бірі — Ақтоғай – Шолақсор бағытындағы облыстық маңызы бар жолдың соңғы 30 шақырымын асфальтбетон жабындысына ауыстырудың аяқталуы. Сонымен қатар, Майқайың – Екібастұз жолының орташа жөндеуіне арналған екі жылдық жоба басталды, оны 2026 жылы аяқтау жоспарланнуда. 32 жоба іске асырылды.

Сондай-ақ, аудандық маңызы бар жолдарды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыс атқарылды. Бірқатар елді мекендердің кіреберіс жолдары жөнделіп, ауылішілік көшелерді абаттандыруға арналған ондаған жоба жүзеге асты. Жолдарды күйі айтарлықтай оңалды.

Нариман Омар, Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары

Аудандық маңызы бар жолдар бойынша ағымдағы жылы Амангелді кіреберіс жолдарды ркконстукциялар және Железинка Веселая Роща Мыңкөл соңғы 15 км .. 46 қала мен аудандардың жалпы ұзындығы 200 болатын елдімекен көшелерін жөндеудің 79 жоба жүзеге асырылып, оның ішінде Ауыл ел бесігі бағдарламасы бойынша 14 ауыл 48 шақырым аяқталды. Ауылдарды атап өтсек ол Атамекнен жалпы ағымдағы жылы 115 шақырм тас асфальт бетонға ауыстырылды. Толық көлемі орындалды.

Жөндеу жұмыстарының барысы барлық кезеңде бақылауда болды. Бұны басқарма мамандары, аудандық тұрғын үй коммуналды шаруашылық бөлімі, авторлық және техникалық қадағалау өкілдері, сондай-ақ Жол активтері сапасының ұлттық орталығының сарапшылары қадағалап отырды. Өңірде республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 1 663 шақырым.

Алексей Логвиненко, «Қазавтожол» ҰК» АҚ Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары

Биыл облыста жол жөндеу жұмыстары белсенді түрде жүргізілді. Жалпы ұзындығы 198,8 шақырымды қамтитын 10 жоба іске асырылуда: оның ішінде 6 – орташа жөндеу, 2 – күрделі жөндеу және 2 – жаңа жол құрылысы. Көктемде кейбір учаскелерде жолды жөндеу жұмыстары жалғасады.

Ал республикалық маңызы бар автожолдардың 45 шақырымы күрделі жөндеуден өтті. Бұған қоса, жаңа көпірдің құрылысы жалғасуда.

Әйгерім Тоқпанқызы