Мемлекет басшысының бастамасымен бастау алған «Заң және тәртіп» қағидасын ілгерілету жұмысы ерекше назарда. Бүгінде облыстағы іске асырылып жатқан шаралар Президент Жарлығымен бекітілген ішкі саясаттың негізгі қағидаттары мен құндылықтары аясында жүйелі түрде белсендірілуде.
Бұл тұжырымдамалық құжаттың негізінде құқықтық мемлекеттің берік іргетасы саналатын, азаматтардың қоғамдық және жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басты алғышарт — «Заң және тәртіп» қағидаты жатыр.
Айгүл Мәлікова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Ішкі саясат тұжырымдамасында көзделген басты міндет - «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Адал азамат» атты негізгі құндылықтарды дәріптеуде заң үстемдігі берік орнаған, демократиялық институттары мықты дамыған, азаматтардың конституциялық құқығы мүлтіксіз қорғалатын, жайлы өмір сүрі үшін баршаға мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанның бірыңғай формуласын құру.
Осы бағытта заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар мен азаматтардың күш-жігерін біріктіру басты принцип ретінде қабылданған.
Айгүл Мәлікова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Осы орайда облыста құқық қорғау саласы, барлық мемлекеттік органдармен және қоғам белсенділерімен бірлесе қағидатты ілгерілетудің нақты бағыт-бағдары күшейтілді. Бүгінде жұмыс барысының нақты, нысаналы бағытқа бағдарлап, заманауи және креативті құралдарды, форматтарды қолдану белсендетілді.Атап айтқанда өңірімізде «Заң және тәртіп» идеологиясын қалыптастыруға және ілгерілетуге қатысатын азаматтардың барлық санаттарын тартулы.
Өңірде облыстық прокуратураның үйлестіруімен арнайы Жобалық офис құрылып, мүдделі мемлекеттік органдар кіретін жүйелік жоспар әзірленген. «Заң және тәртіп» идеологиясы басталғаннан бері облыс аумағында мыңнан астам шара түрлі форматта ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, облыс мектептерінде «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы жүзеге асып келеді. 150 мыңнан астам оқушы мен студентті қамтитын 350-ге жуық іс-шара — пікір алаңдары, танымдық және патриоттық сабақтар, интеллектуалды байқаулар, сурет алаңдары және құқықтық дебаттар өткізіліп келеді.
Дильназ Қуанышбекқызы