Кіші жастағы балалардың психологиялық тәуекелдерін ерте анықтаудың жолдары қандай? Павлодар аудандық ауруханасында мамандар бас қосып осы мәселені талқылады. Семинарға біздің түсірілім тобы да куә болды.

Баланың психологиялық, моральдық саулығы болашақ қоғамның саулығы үшін қажет. Сондықтан, нәресте өмірге келген кезден бастап негізгі тәуекелдерді ерте анықтау қажет дейді мамандар. Сонда ғана ертерек ем-шараларды қабылдап, нәтиже шығаруға болады.

Айнаш Жүнісова, Павлодар облысы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес орталығының басшысы

Семинар мақсаты денсаулық сақтау, білім беру саласы мамандарының басын қосу. Павлодар қаласының және облыстың ауылдарынан келген дәрігерлер де семинарға қатысуда. Олар кіші жастағы балалардың тәуекелдерін ерте анықтаудың жолдарын талқылап, ойларын білдіреді. Бүгінгі таңда бұл аса маңызды бағыттардың бірі.

Ерте анықтаудың бір жолы скрининг. Қазіргі уақытта диагностикалауға арналған әр түрлі жабдықтар бар дейді мамандар. Тек, бұған ата-аналар құлықты болып, балаларын жіті қадағалап, скрингтен өткізіп тұруы керек. Бұл – алдын алуға, ерте анықтауға жылдамырақ емдеу шараларын жүргізуге қажет.

Жыл санап, ауытқушылығы бар балалар көптеп анықталуда дейді дәрігерлер. Бұл соңғы уақытта диагностикалау мен скрингтердің көбейуімен де байланысты болуы мүмкін. Ал, ерте анықтау әрқашан ерте қимылдауға мүмкіндік беріп, аулықты арттырудың кепілі болмақ.