Қазақстан Республикасының жеке құрамдас атқыштар батальонының тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына – 25 жыл. Осыған орай, елге аман оралған бітімгерлер мен әскери борышын өтеу барысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу мақсатында мемориалдық белгі алдында салтанатты іс-шара өтті.

2001 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының жеке құрамдас атқыштар батальоны тәжік-ауған шекарасындағы бітімгерлік миссиясын аяқтап, елге оралған болатын. Осы тарихи күнге орай мемориалдық белгі алдында еске алу шарасы ұйымдастырылды. Жиын барысында әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан қазақстандық бітімгер жауынгерлердің рухына тағзым етіліп, гүл шоқтары қойылды.

Айбек Жүтеков, шекара қызметінің құрметті зейнеткері

Тәжік ауған шекарасына 25 жыл толып оытр, ардагерлер, қала тұрғындары келіп қатысуда.Барлығы келіп қатысып жатқан іс шара.

Еске алу акциясының негізгі мақсаты – тарихи жадты сақтау, қазақстандық бітімгерлердің ерлігін дәріптеу және жас ұрпақты отансүйгіштік пен патриоттық рухта тәрбиелеу.

Дильназ Қуанышбекқызы