Ертіс Баян өңірінен шыққан қаншама азамат қазақ театрының қалыптасуына, дамуына үлес қосты. Біразы Әуезов театрында бой көрсетті. Осы алып тұлғаларды еске алу мақсатында Г.Потанин атындағы музейде көрме өтті.
Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы театрдың құрылғанына биыл 100 жыл. Осыған орай Потанин атындағы музейде «Атақты жерлестеріміз Әуезов театрының сахнасында» атты көрме ашылды. Көрмеге театр өнеріне қатысты құжаттар мен жерлестеріміздің сахналық образдары қойылды.
Гүлжайнат Әлиева, Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінің бөлім басшысы
Осы көрменің ашылуы Әуезов атындағы қазақ драма театрының 100 жылдық мерейтойы аясында өтіп жатыр. Біздің атақты жерлестіріміз Жұмат Шанин, Иса Байзақов, Шәкен Айманов, Кәукен Кенжетаев, Бәйтен Омаров, Шахан Мусин өзінің үлесін қосты театр өнеріне. Бүгін осы атақты тұлғаларды еске алып, дарыны туралы сыр шертеміз. Осы көрмеде құжаттар, фотосуреттер, ең құнды экспонаттар Шәкен Аймановтың М.Әуезов театрында киген Петручио, Отелло рөліндегі киімдер ұсынылады.
Одан бөлек, театр атмосферасын беру үшін көрмеде грим бөлмесі, шахмат бұрышы қойылды. Сондай ақ, әкем театрдың музейінен афишалар да алынды. Жалпы қазіргі таңда қара шаңырағымыз Жүсіпбек Аймауытов театры мен Әуезов атындағы театрдың байланысы жоғары деңгейде.
Арман Темірбек, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы-драма театрының басшысы
Әкем театрдың 100 жылдығы осы жылдың аяғында атап өтіледі деп отыр. Қазіргі байланыс жоғары деңгейде. Осыдан 1 жыл бұрын Әуезов театры гасторльдік сапармен 5 күн өнерлерін көрсетіп, жақсы тұшымды қойылымдарын паш еткен. сондық екі театр өзінің байланысын, маңыздылығын жоғалтпайды деп ойлаймын.
Көрмеге 50-ден астам экспонат қойылды. Ал, музейдің суретшісі спектакльдерге арнап, эскиздерін ұсынды. Көрме келем деушілерге бір ай ұсынылады.
Самал Қалиқызы