Биыл Рамазан айы 29 күнге созылады. 19 ақпан оразаның алғашқы күні болса, 19 наурыз – соңғы күні. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ораза уақытын, пітір садақасынын көлемін бекітті.
Рамазан – айлардың сұлтаны, Жаратқанның мұсылман жұртына жасаған ұлы тартуы. Бұл айда араздасқандар татуласады, күнәлер кешіріледі. Биыл Рамазан айы 29 күнге созылады екен.
Жолдас Қажы Қоспақұлы, Павлодар облысының бас имамы
Бұл жылы 2026 жылы қасиетті рамазан айы 19 ақпанда басталып, 19 наурыз күні аяқталады. 29 күнге созылады. Кейбір жылдары айдың толуына байланысты 29-30 күн болады. Мешіттерде 18 ақпан күні құптан намазынан кейін үтір намазы оқылмастан бұры. Тарауих намазын оқитын боламыз. Бұл Рамазан айы ертең басталатынын білдіртеді.
Пітір – оразаның қате-кемшіліктерін толтыратын, Құдайға шүкіршілік ету үшін берілетін және жағдайы келмей тұрған жандарды қуантатын садақа.
Жолдас Қажы Қоспақұлы, Павлодар облысының бас имамы
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының берген фатуасына сәйкес, қазір барлық облыс бойынша пітір садағасының санау өтті. 735 теңге деп бекітілді. Кімнің жағдайы жақсы сол Алланың разылы үшін деп шығарады.
Сонымен қатар, фидиа садақасының көлемі де бекітілді. Оны кімдер беретінін бас имам былай түсіндірді.
Жолдас Қажы Қоспақұлы, Павлодар облысының бас имамы
Ең бірінші сырқаттанатын адам. Бізде шариғатта Ораза ұстай алатын және ұстай алмайтын адамдар болады. Ұстай алмайтындар сырқатына байланысты. сырқаттар екі түрлі болады емделетін және емделмейтін. Емделмейтіндер ақсақал, жасы үлкен болса ондайлар фидиа садақасы. Бір кісінің сәресі мен оразасы. Жағдайы болса 4000 теңге деп белгіленді.
Рамазан жақсылыққа толы ай. Бұл айда әр басталған іс тек жер бетінде жандарға қуаныш, жақсылық сыйлауы керек. Осы айда кінә, өсек, өтірік,зұлымдықтан барынша алыс болған абзал.
Самал Қалиқызы