Павлодар қаласында жас таланттар елге деген сүйіспеншілігін өнер арқылы жеткізді. Шаңырақ орталығында әскери-патриоттық әндер фестивалінің финалдық кезеңі өтті. Мектеп оқушылары батырлар ерлігіне тағзым етіп, бейбіт өмірдің қадірін ән арқылы насихаттады. Шара кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай ұйымдастырылды.

Байқау 4-5 ақпан күндері іріктеу кезеңінен басталды. Оған қаладағы 49 мектептің оқушылары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Ең үздік деп танылған қатысушылар финалға жолдама алды. Бүгінгі шешуші кезеңде барлығы 18 нөмір көрермен назарына ұсынылды.

Төлеген Қоқымбаев, Павлодар облысы ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері ҚҚ төрағасының орынбасары

Жастарға осындай ағалары, аталары болғанын, олардың қалай соғыс көргендерін жеткізу. Бейбітшілікке әкелгендерін еске салу. Оларға ән арқылы үлгі болсын, жүректерінде бір нәрсе қалу үшін өтті. Ең бірінші әннің профессионал жағы, ән қалай айтылады, сыртқы киіміне қарайды. 7-8 тарапқа көңіл бөлеміз.

Сахнада патриоттық рухқа толы әндер шырқалды. Қатысушылар ауған соғысы, әскери қызмет, Отан қорғау, сарбаздардың ерлігі мен туған жерге деген махаббат туралы әндерді орындады. Әрбір шығармада терең мазмұн, шынайы сезім және жас өнерпаздардың жүрек лүпілі сезілді.

Адель Байназар, Кенжекөл ЖОББ мектебінің оқушысы

Виа тобының Ауғаныстан әнін таңдадық. Себебі бұл өлеңнін сөздерінде ауған соғысының нақты себептері айтылған. Елімзден шыққан ағаларымыздың ерлігі мен батырлығы сипатталады. Осы әнді үш қыз болып орындауды шештік. Ән айтуды 4-сыныптан бастадым. Санасам, 3-4 жыл айналысамын. Конкурстарға қатысып жүрдім. Ылғи өзіміз трио болып қатысамыз.

Оқушылар байқауға тыңғылықты дайындалған. Олар күн сайын жаттығып, дауыс мәнерін, сахна мәдениетін жетілдіруге күш салды. Финалға қатысушылар жетекшілерімен бірге келді. Ұстаздарының айтуынша, дайындық барысында балалардың жауапкершілігі мен патриоттық көзқарасы айқын байқалған.

Ақерке Айбекқызы, Павлодар қаласының №7 ЖОББ мектебінің музыка пәнінің мұғалімі

Жалпы 2-3 апта кетті дайындыққа. Сабақтан кейін қалып, күнде дайындалдық. Бүгінгі күні жақсы дайындықпен шықтық деп ойлаймын. Оқушы саны шектеусіз. Жалғыз қатысуға болады. Дуэт, трио болып шығуға болады. Біздің мектептен екі оқушым да қатысты. 11 сынып оқиды. Дуэт болып қатысты. Тақырыбы өте күрделі болғандықтан, бізге ән таңдау жағынан кішкене қиын болды. Біз қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлова туралы Әлия әнін таңдадық.

Фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға мадақтама қағаздары мен ақшалай сыйақылар табысталады.

Сабина Жолдаспаева