Мәдениет және спорт министрімен кездесу барысында әдебиет, дене шынықтыру, театр, мәдениет, шығармашылық саласы бойынша көптеген сұрақ қойылды. Осы ретте мүмкіндігі шектеулі спортшылар 2020 жылы 20 сәуірде шыққан №100 бұйрықты өзгертуді қалап отыр. Онда дәл осы санаттағы споршылардың көмекшілері туралы жазылған.
Министр аталмыш сұрақпен таныс екенін жеткізді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлер ішкі туризмді дамыту мақсатында қосымша құн салығын алып тастауды сұрады. Салыстырмалы түрде алсақ, шетелден келген қонақтар үшін аталмыш салық түрі қарастырылмаған.
Осы ретте министр ведомства мамандары бұл сұрақпен айналысып жатқанын айтты.
Сонымен қатар, кездесу барысында тағы да «Артспорт» жобасына назар аударылды. Осы жолы спортшылар, жаттықтырушылар аталмыш жобамен қатар қарапайым спорт мектептеріне де мән беруді сұрап отыр. Себебі соңғы уақытта бұл жүйеге көп көңіл бөлініп жатқандай көрінеді, дейді. Ал ескірген спорт залдары, инвентарьлар балалардың спортпен шұғылдануына өз әсерін тигізіп жатыр.
Бұдан бөлек «Мәшһүр Жүсіп» қорының кеңесшісі Жұмағали Қоғабай министрге ұсыныс білдірді. Мәшһүр Жүсіп тұрған үйдің маңында ашық музей жасауды ұсынды. Жұмағали Қоғабайдың айтуынша, Екібастұздан Мәшһүр Жүсіп кесенесіне барар жолда, кесенеге бір шақырым қалғанда Машһүр Жүсіп тұрған үй бар.
Жұмағали Қоғабай, «Мәшһүр Жүсіп» қорының кеңесшісі:
Сол тұрған үйді абаттандыру керек. Ағаш отырғызылды. Ол мақсат ашық мұражай ұйымдастыру.
Әдетте жөн білетін адамдар сол жерге соғып, тағзым етеді. Ол жерде бұлақ та бар. Сол аумақты тиісті қалыпқа келтірсе жақсы болар еді дейді.
Самал Қалиқызы