Павлодарда тағы бір бала терезеден құлады. Бұл уақытта оны ата анасының екеуі де үйде болған. Оқиға орнына 2 минутта жеткен медициналық қызметкерлер бір жарым жастағы сәбидің қайтыс болғанын анықтады.
Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ресми ақпаратына сүйенсек, жедел медициналық жәрдем қызметіне шақырту сағат 19:23-те түскен. Торайғыров көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде бала биіктіктен құлаған. Бірінші санат бойынша жіберілген жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 2 минутта жетті. Алайда медицина қызметкерлері оқиға орнына келген кезде бір жарым жастағы баланың қайтыс болғанын анықтады.
Дәметкен Шаймарданова, Павлодар облысы балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы
2026 жылғы 30 шілдеде Павлодар қаласындағы 2025 жылы туған бала 7 қабаттан құлай қаза тапты. Отбасы профилактикалық есепте тұрмаған. Ата анасының екеуі де үйде болған. Ата аналарды талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз. Терезелерге бекіткіштерде орнатуды сұраймыз.
Жыл басынан өңірде 4 бала биіктіктен құлап, оның екеуі қайтыс болды. Павлодар облысы ТЖД ақпаратынша, былтыр 247 және қосымша демеушілер есебінен 125 блокиратор сатып алынып, терезелерге орнатылған. Биыл осы мақсатта 495 блокиратор бекіткіш алынды. Бұдан бөлек, енді Жаңа Құрылыс кодексінің енгізілуіне байланысты көпқабатты үйлердің терезелерінде қорғаныс құралдарының болуы міндеттеледі.
САмал Қалиқызы