«Даму» қоры өңірлік кәсіпкерлікті қолдауды жалғастырады. Қор көмегінің арқасында жеке кәсіпкерлерден бастап, ірі кәсіпорындарға дейін қуаттылығын арттырып, дамудың жаңа кезеңіне өтуде. 


Даму қорына жүгініп, қолдау алған кәсіпорындардың бірі - «Формат-мастер». Олар 15 млн теңгеге несие алып, оған жиһаз кесу станогын орнатқан. Соның арқасында көрсететін қызметтер көлемі өткен жылдармен салыстырғанда 40 пайызға артқан. 

Баян Паламарчук, «Формат-мастер» директоры

Біздің клиенттеріміз жихаз фирмалары, жеке тұлғалар да келеді. Нарықта 13 жыл жұмыс істеп келеді. соңғы 5 жылда «Даму» қоры арқылы автоматтандырылған кесу құралын алдық. Бұл тапсырыс берушілердің тапсырысы бойынша ағаштарды өзі кесіп береді. Арнайы бағдарламалармен жұмыс жасаймыз. Жаңа станок материалды дәл әрі нақты, сапалы түрде кеседі. Біз бұл уақытта клинеттермен жұмыс жасаймыз. 

Ал «Мичурин құрама жем және ферменттелген биошикізат» кәсіпорны 2023 жылдан бері инновациялық жемдік компоненттерді, ферменттерді өндірумен айналысады. Әзірге зауыт 12 сағатта 10 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Енді «Даму» аясында қуаттылықты арттырып, сағатына 10 тонна шикізат шығаратын болады. 

Максим Русинович, «Мичурин құрама жем және ферменттелген биошикізат» ЖШС директоры

Биыл біз жаңа құрылғы көмегімен қуаттылықты арттыруды көздеп отырмыз. Қазір жобалау жұмыстары жүріп жатыр. СЕбебі жаңа құрылғы зауыттың қуаттылығын 10 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Технологиялық линиясы басқаша. Оны «Өрлеу» бағдарламасы аясында сатып алдық. Жалпы сомасы 25 млн теңгені құрайды. Екі ауысымда 14 адам мында жұмыс істейді. Қазір құс пен ірі қара мал жемі сұранысқа ие болып отыр. Бірақ зауытта шығарылатын жемдік өнімдер ассортименті көп. 

Қазіргі таңда Мичурин зауытының өнімдері тек ел нарығында ғана сатылмайды. Компания Ресей және өзге де елдерге тауарын экспорттайды.  


Самал Қалиқызы