Жаңа құрылыс кодексінің күшіне енуіне байланысты енді еліміздегі барлық нысандар мүгедектігі бар адамдар мен қоғамның жүріп тұруы шектеулі басқа да топтары үшін қолжетімді болуы керек. Оны еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комитетінің инспекторлары бақылайды. Павлодар облысында жаңа салынған мешіт, тұрғын үй мен кафелер осы талаптарға сай болмай шықты. Толығырақ тілші сюжетінде. 


Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ҚР Еңбек және халықты қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті жартыжылдықты қорытындылады. 

Департаментте мемлекеттік қызметтер цифрландырылып, проактивті форматқа көшірілді. Бюджеттік субсидия, мүгедектігі бар бала күтімі бойынша жәрдемақы, 1-ші топтағы мүгедектігі бар азаматтарды күтетіндерге төлетін жәрдемақылар ақпараттық жүйеден автоматты тағайындалады. 

Өңірде 304 мың жәрдемақы мен зейнетақы түрі тағайындалады. Жалпы 180 мың адам осы көмекті алып отыр. Облыста мүгедектігі бойынша 20774 адам және асыраушысынан айырылуға байланысты 8430 адам жәрдемақы алады. 

Алмагүл Мұхамедова, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы

Департамент жүзеге асыратын жұмыстардың бірі мемлекеттік бақылау. Ол мемлекеттік инспекторлармен жүзеге асады. Негізгі субьектілер – заңды және жеке тұлғалар. Әлеуметтік арнайы қызмет көрсететін нысандарға 2025 жылы лицензиялау енгізгенбіз. Осы қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында крийтерийлер бекітіліп, енгізілді. 

Одан бөлек, құрылыс кодексінің күшіне енуіне байланысты енді департамент өңірдегі құрылыс нысандарының мүгедектігі бар азаматтарға қолжетімділігін тексерумен де айналысады. Осы уақытқа дейін 7 өтінім қаралып, мақұланбай, кері қайтарылыпты. Олардың ішінде тұрғын үй, мешіт, кафелер де бар. 

Самал Қалиқызы