Павлодар облысына жыл басынан сыртқы көші қон аясында 400-ге жуық адам қоныс аударды. Олардың көбісі Қытай Халық республикасы мен Моңғолиядан. Көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда төмендеген. Оны мамандар көші қон ережелерінің қатаңдатылуымен байланыстырып отыр.
Павлодар елімізде ішкі және сыртқы көші қон бойынша қоныс аударушыларды қабылдайтын өңірлердің бірі. 2017 жылдан бері облысқа 20 мыңнан астам адам көшіп келді. Былтыр осы мақсатта 4100 квота қарастырылса, биыл 2632 квотаны құрап отыр. Оның ішінде алыс жақын шетелден келетін қандастар үшін 977 жолдама бөлінді.
Сонымен, жыл басынан өңірде 977 квотаның 367-сі орындалды. Қоныс аударушылар елге келіп, жұмысқа орналасып, мемлекеттік көмекке ие болып үлгерді. Алайда жаңа пилоттық жобаның іске қосылуына, шетелдік азаматтарға қойылатын талаптардың күшеюіе байланысты квотаның орындалу процесінде тежелу байқалады. Енді тұруға ықтиярхат - шетелдіктің ел аумағында 10 жыл бойы заңды тұруына және азаматтармен тең дәрежеде көптеген құқықтарды пайдалануына мүмкіндік беретін құжат. Оны алуға үміткер әрбір тұлға келесі талаптарды орындауы тиіс.
• Қазақ тілін меңгері бойынша: ҚАЗТЕСТ-тің әр блогы бойынша - оқылым, тыңдалым, жазылым, лексика және грамматика - кемінде 70 пайыздан төмен емес балл жинау қажет.
• Мемлекет белгілеген өңірлердің бірінде кемінде бір жыл тұру: Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар немесе Солтүстік Қазақстан облыстары.
• Үміткерлердің "эмиграциялық әлеуеті" жоғары болуы тиіс: жақсы білім, жұмыс тәжірибесі, шет тілдерін меңгеруі және сұранысқа ие мамандығының болуы.
Одан бөлек, үміткерлердің денсаулығы бойынша анықтамалар болуы керек.
Осы талаптар орындалған жағдайда ғана қандас мәртебесін алуға болады.
Ал, ішкі қоныс аудару бойынша көрсеткіш өңірде 100 пайызға орындалыпты.
Ерасыл Ризаев, Павлодар облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бас маманы
Биылғы жылға осы бағдарлама аясында 1655 квота бөлінді. 100 пайызға орындалды. 27 пайызы Түркістан облысына қоныс аударды. Павлодар, Успен, Тереңкөл, Железин аудандарына қоныстанды.
Сонымен, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі көші-қон саясатының жаңа Тұжырымдамасы бекітілді, бұл өз кезегінде ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, ішкі еңбек нарығын қорғауға және Қазақстанға бәсекеге қабілетті мамандарды тарту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Самал Қалиқызы