«Көзімнің қарасы» әнімен Алена Шевченко қалалық Абай оқулары байқауларында жеңіске жеткен. Ұлы Абайдың шығармашылығымен ол мектеп қабырғасынан таныс. Оқушы кезінде түрлі конкурстарға қатысқан. Қазір Алена қалалық №41-ші мектепте география пәнінен сабақ береді. Абайдың қара сөздерін ерекше жақсы көретінін айтады.

Алёна Шевченко, қалалық №41-ші ЖОББМ мұғалімі:

Мен 15 сөзді жиі қолданамын – ақылды және ақымақ адамдар туралы. Мен осы сөздерден бастаймын. Ең алдымен өзіңіз мен өзгелер үшін не істей аламын деген сұраққа жауап беремін.

Алена хәкім Абайдың бай мұрасымен, өмірбаянымен тереңірек танысқан кезде, ақынның дана сөздері өзектілігімен таң қалдырды дейді.

Алёна Шевченко, қалалық №41-ші ЖОББМ мұғалімі:

Адам мәдениетпен, қасиетті нәрсемен, әсіресе Абай шығармаларымен танысқан кезде – рухани азық алады. Мен Абайдың шығармаларын өте жақсы көремін.

 

Мөлдір Бөлтекова, Мурат Абилмажит