Тарифтерді көтермей ұстап тұру және коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту: өңірде Табиғи монополияларды реттеу департаментінің бірінші тоқсандағы жұмысы қорытындыланды. Коммуналдық қызметтердің бағасы қалай ұсталды, бүгін қандай инвестициялар салынып жатыр — бұл туралы тілшіміздің материалынан білейік.

Жылдың алғашқы 3 айында өңірде коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге мораторий енгізілді. Ол жылу, су және электрмен жабдықтауға қатысты болды. Сондықтан 2026 жылдың бірінші тоқсанында кәсіпорындардың тарифтерді өзгертуге берген өтінімдері осы шектеулерді ескере отырып қаралды.

Камилла Байгожанова, ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Мораторий халық пен бизнеске түсетін жүктемені ұстап тұруға мүмкіндік берді. Бұл шаралар азаматтар мен кәсіпкерлердің табысын қорғауға бағытталған. Мораторий аяқталғаннан кейін тариф саясаты кезең-кезеңімен және теңгерімді түрде жүзеге асырылады.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің мәліметінше, 1 сәуірден бастап халық үшін тарифтер көтерілмейді. Өзгерістер тек кәсіпорындардан өтінімдер түскен жағдайда және олар қаралғаннан кейін ғана мүмкін болады.

Камилла Байгожанова, ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

2025 жылғы 1 тамыздан бастап орташа босату тарифі 32,58 теңге. 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тариф бекітілген деңгейде қалды. 1 сәуірден бастап электр энергиясы бағасының өсуі күтілмейді, себебі тарифті көтеру туралы өтінім түскен жоқ. Сонымен қатар, «Павлодар жылу желілері» ЖШС бойынша: 2025 жылғы 30 маусымнан бастап жылу энергиясын өткізудің орташа тарифі 5962,61 теңге/. 2026 жылғы 1 қаңтарда ол бекітілген деңгейде сақталды. Алайда 2026 жылғы 17 наурызда тарифтік сметаға өзгерістер енгізіліп, 2026 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енді. Нәтижесінде орташа тариф 16%-ға өсті. Дегенмен, халық пен өзге тұтынушылар үшін тариф өзгеріссіз қалды, яғни өсім жоспарланбаған. Барлық жүктеме бюджеттік ұйымдарға түседі. Ал «Павлодар-Водоканал» ЖШС бойынша: 2025 жылғы 1 сәуірден бастап тариф 213,54 теңге деңгейінде болды. 2026 жылғы 1 қаңтарда сумен жабдықтау қызметтері бойынша орташа тариф 44%-ға төмендеді ал су бұру қызметтері бойынша 3%-ға төмендеу байқалды.

Департамент басшысының орынбасары өңірде энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның жүзеге асырылуы туралы да айтып өтті. Оның негізгі мақсаты – тозған инфрақұрылымды жаңарту, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің сенімділігін арттыру және коммуналдық қызметтердің сапасын жақсарту. Биыл облыс аумағында бұл жобаға табиғи монополиялардың 5 субъектісі қатысуда. Жобалардың жалпы құны – 24 млрд 171 млн теңге.

Камилла Байгожанова, ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Электр энергиясы бойынша «Павлодар электр желілерін тарату компаниясы» АҚ 34 жобаны жүзеге асыруда: Олар: әуе желілерін салу және қайта жаңарту, трансформаторлық қосалқы станцияларды жаңарту, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу сияқты маңызды жобалар. Жылу энергиясы бойынша «Павлодар жылу желілері» 7 жобаны іске асыруда:

Олар: сорғы станциясын салу, жылу магистралін қайта жаңарту, орталық жылу пункттерін жаңғырту сияқты жобалар. Екібастұз қаласында «Екібастұз жылу желілері» 4 жоба жүргізуде. Сондай-ақ, «Теплосервис-Ақсу» магистральдық және тарату желілерін қайта жаңарту бойынша 2 жобаны жүзеге асыруда. Ал Екібастұз қаласында «Горводоканал» сорғы стансасын қайта жаңғыртуда.

Бұдан бөлек, департамент бақылау-шағым жұмыстарын жалғастыруда. Жыл басынан бері коммуналдық кәсіпорындарға 2 жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу фактілері бойынша 4 әкімшілік іс қозғалды.