Черноярка ауылының бастауыш сынып мұғалімі елімізде үздік атанды. Гүлдана Қайыржанқызы Астана қаласында өткен республикалық олимпиадада математикалық бағытта екінші орынға ие болды. Мұғалімнің сабағына қатысып келген тілшіміз жалғастырсын.

Гүлдана Түленова бала күнінен армандап, педагогикалық мамандыққа саналы түрде келген ұстаз. Алдымен педагогикалық колледжде оқып, кейін университеттет білімін шыңдады. Ал, 2020 жылдан бері осы Черноярка білім ошағында еңбек жолын бастады.

Гүлдана Түленова, Черноярка ауылы мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Қазір күн сайын технологиялар да артып жатыр. Заманауи талапқа сай оқушыларды қызықтыра білу керек. Сол үшін үнемі ізденеміз. Әр сабақты қызықты етіп тырысуға құлшынамын. Саналы салиқалы ұлпақты тәрбиелеуге өз үлесімді қоссам ба деймін.

Гүлдана Қайыржанқызының сабақтары ұлттық нақышта, ұлттық құндылықтарға негізделіп өтеді. Жас та болса ұлттық тәрбиенің мән мағынасын түсіне білген педагог.

Жақында Гүлдана Түленова Астана қаласында өткен «Алтын тұғыр» олимпиадасында бақ сынап, екінші орынға ие болды. Ауыл мектебінде еңбек етіп жүрген жас маман үшін бұл үлкен жетістік. Оны балаларға деген махаббаты мен сүйіспеншілігі, ісіне деген жауапкершілігі жетеледі дейді.

Гүлдана Түленова, Черноярка ауылы мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Бұл олимпида офлайн форматта өтті. Олимпиада шешімі қиын математикалық логикалық сұрақтарды шешуді талап етеді. Жалпы 100-120 минут аралығында уақыт беріледі. 3 деңгейлік тапсырмалар бар. Оны дәлелдеу керек. Осыған дейін 2022 жылы облыстық кезеңге қатысып, 2 орын иеленген едім. Биыл да қатысып, бірнішілердің қатарынан болып республикаға жолдама алдым.

Осылайша жерлесіміз республикалық білім додасының тұғырынан көрінді. Жалпы, Гүлдана Қайыржанқызы жыл мұғалімі байқауы да қатысып тұрады екен. Айта кетейік, «Алтын тұғыр» олимпиадасына Павлодар облысынан 8 педагог барыпты. 2 мұғалім 2 орын, 3 мұғалім 3 орынға ие болды.