Қала әкімі Асайын Байханов 8 ай ішінде шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының  орындалуы жайында   қалалық маслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері алдында есеп берді. Сондай-ақ отырыс барысында 13 бағыт бойынша бөлім басшыларының есебі тыңдалды. 
 
Қала әкімі Асайын Байханов қаңтар-тамыз айларында  жүзеге асқан жұмыстардың нәтижесін айтты. Облыс орталығында инфрақұрылым, нақтырақ айтсақ, Сарыарқа ауданында таза қазақ мектебінің ашылуы, Жетекші, Теміржолшылар мен Мойылды ауылдарында білім беру мекемелері бой көтерген. «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша Павлодарда 6 мектепте жөндеу жұмысы өткізілгенін де  жеткізді. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласын ілгерлету үшін емхана орталықтары ашылатынын айтты. 
Асайын Байханов, Павлодар қаласының әкімі:
Халыққа көлжетімді медицина қызметін көрсету мақсатында №2-ші емхананың санитарлық көмек орталығы ашылды. Оның мекен жайы Нуркин көшесі 42 Жыл соңына дейін Торайғыров көшесі 42 мекен жайында орналасқан ғимаратты жыл соңына дейін ерте алдын алу орталығы ретінде қайта жаңарту жұмыстары орындалады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 3 нысанға күрделі жөндеу жүргізуде. 
Павлодар өңірінде тұрғын үй құрылысы қарқын алды. Жыл басынан жеке құрылыс салушылар 9 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға берген. Қазір бюджет қаражаты есебінен  Сарыарқа және Достық аудандарында 12 үй салып жатыр. Бұл үшін қазынадан 47 млрд теңге бөлінді.  
Асайын Байханов, Павлодар қаласының әкімі:
Әлеуметік маңызы бар азық түліктердің бағасын ұстап тұру үшін  102 дүкеніне облыстық тұрақтандыру қорынан өнімдер төмендетілген бағамен сатылуда. 8 ай ішінде 34 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Сатылған өнім 1,3 млр теңгені құрады. Баға тұрақтылығы кәсіпкерлік бөлімінің бақылауында. Азық түлік бағасын көтеру туралы келіп түскен өтініштер 7 кәсіпкерге қатысты тиісті тексерулер жүргізілді. 
Өңірде қазан айында фермелер нарығы іске қосылады. Оның мақсаты өнімді делдалсыз сату. Жергілікті шаруалардың өнімі бірден сатылымға түседі. Бағасы нарық бағасынан төмен болмақ. Бұдан бөлек шаһар басшысы  Асайын Байханов жаз бойы коммуналды қызметтер су және жылу желілері жөндеуден өткенін атап өтті. Қазіргі уақытта қала 97 пайыз ыстық сумен қамтылып отыр. 
Асайын Байханов, Павлодар қаласының әкімі:
100 пайыз үйлер бәрі дайын. Жылу беру системасы ыстық сумен толу үшін біраз уақыт керек. 26 қыркүйектен бастап үйлерге жылу бере бастадық. 270 үй жылумен қамтамасыз етілген. 5 қазанға дейін 100 пайыз көп қабатты тұрғын үйлерге жылуды беруге көздеп отырмыз. 
Облыс орталығындағы 276 әлеуметтік нысанның 265 іне жылу берілді.  Көмір мәселесі де жоқ. Қазіргі уақытта қатты отын сататын 8 компания 70  мың тонна тасымалдаған. Мәслихат жұмысы соңында бөлім басшылары да есеп берді.
 
 Әйгерім Тоқпанқызы