Биыл елімізге белгілі балалар ақыны Мүбәрәк Жаманбалиновтың туғанына 100 жыл. Осыған орай өңірде бірқатар шаралар легі жоспарланған. Ағашқы еске алу жиыны облыстық кітапханада өтті.

Мүбәрак Жаманбалинов есімі қазақ балалар әдебиетінде айрықша. Онан астам жыр жинағын шығарып, мол қазына сыйлаған жан. Биыл дүниеге келгеніне 100 жыл толып отырған ақынның құрметіне зиялы қауым өкілдері бас қосып, өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталды.

ҒАЛИЯ БАЛТАБАЙ, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ

Ауылда тұрып, елдің мұңын мұңдаған, жоғын жоқтаған, балалардың тілін тапқан жан, үлкендерге қамқор болған. Керемет ақын, жазушы, өлкетанушы, әрі ұлағатты ұстаз. Мен ол кісінің барлық тәрбиесінен түсінгенім журналист деген шыншыл, турашыл, адал болуы керек. Хаплыққа қызмет етуі керек. Осы мақсатта оның шәкірті ретінде қызмет еттім.

Ол ғұмырының соңына дейін қолынан қаламын тастамаған. Жиынға келген балалары да ақынның жанкешті еңбегі жайлы естеліктерімен бөлісті.

ТАЛАП ЖАМАНБАЛИНОВ, МҮБӘРӘК ЖАМАНБАЛИНОВТЫҢ ҰЛЫ

Он күн өмірім қалса да жазуды тоқтатпаймын деді. Айтқанын істеді. 80 мен 85 тің арасында үш томдық «Әйгілі аудан Ертісім» кітабын шығарды. «Өсиет», «Алма ағашы» деген кітап шығарды. Бес жылдың ішінде бес кітап шығарды.

Балдырғандардың тілін таба отырып, өлең жазу хас шебердің ғана қолынан келмек. Шара аясында ақын өлеңін жаттаған балалар келіп, жыр шумақтарын оқыды.

Мерейтой аясында Ертіс ауданындағы кітапханаға Мүбәрәк Жаманбалиновтың атына берілмек. Сонымен қатар, Жаманбалинов оқулары да ұйымдастырылмақ.

Жанасыл Серікбол