Ыбырай Алтынсарин атындағы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты қарттар күні мен ұстаздар мерекесі қарсаныңда ардагерлерін білім ордасына шақырды. Ұлағатты жандардың құрметіне оқушылар өнерлерін ортаға салып, оларды ерекше ілтипатқа бөледі. 
 
Биыл облысымыздың қара шаңырақ білім ордасы Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ гимназия интернатының іргесі қаланғанына 60 жыл. Осы жылдар аралығында мектептен қанатын кеңге жайған, білімі мен ақылы оза шапқан шәкірттер түлеп ұшты. Әр жанның өмірде тұлға болып жетілуіне, болашаққа нық қадам басуына себепкер жан әрине ол мектептің жүрегі -  ұстаздар қауымы. Қоңыржай күз мезгілінде тойланатын мерекелер қарсаныңда ардагер ұстаздарға ерекше құрмет көрсетілді. 
Шоқан Қалдыбаев, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының басшысы:
Сіздердің алдарыңызда көптеген шәкірттер өтті. Шәкірттеріңіз бүгінгі таңда сіздердің жағып кеткен оттарыңызды жалғасытырып, осында ұстаздық жолында қызмет етуде. Алдынғы буын ағалар, апаларымыз бар. 
Білім ордасының дамуына өлшеусіз үлес қосып, осы жерден зейнеткерлікке шыққан ұстаздар қауымы бір-бірімен қауышып, зор қуанышқа бөленді. 
Тұрсын Қасенова, ардагер ұстаз:
Мен үшін ұстаздар күні ерекше. Ғалым да,  шахтер да ұстаздын алдынан өтті ғой. Сондықтан, ұстазға жетер ешкім жоқ. Ұстаздар меркесі біздің төл мерекеміз. Алтын ұя мектебімізге келіп, мәрек сәре болып жатырмыз. 
Күләзи Оразбаева, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының басшы орынбасары:
Ұстаздар және қарттар күні қарсаныңда мектебімізде үлкенн іс-шара өтіп жатыр. Қазақ айтады ғой қарты бар елдіңғ қазынасы мол деп. Қазынамыз мол екенін көрсетіп, ардагер ұстаздарымызды мектебімізге шақырып, құрмет көрсетіп жатырмыз. Ұжым болып. Сондай үлкен іс-ашар өтіп жатыр. 
Ұлтымыз қашанда үлкендерін ұлықтаған, қарттарын құрметтеген. Осы әр жан үшін ерекше күнге айналған мерекеде ардагерлер назарына оқушылар мерекелік шара ұйымдастырып, әсем ән мен тәтті күйден шашу шашты. 
 
Мөлдір Сағидолла