Павлодарда даңқты дәрігер Александр Миляевтің 80 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. Ол өмірінің басым бөлігін медицина саласына арнап, жүздеген шәкірт тәрбиелеген.


Александр Миляев 1942 жылдың 20-шы қарашасында дүниеге келген. Семей мемлекеттік медициналық университетін тәмамдап, кәсіби мансабын бастайды. Ал, 1970 жылы Павлодар облысына ауысып, облыстық ауруханада терапевт, кардиолог, нефролог біліктілігі бойынша 10 жылдан астам уақыт қызмет етеді. Сонымен қатар, денсаулық сақтау басқармасында да еңбек етті. Әріптестері оны өз қызметін бар ынта жігерімен атқаратын,-деп еске алады.

Амангелді Қасенов, әріптесі:

Өзінің білген ғылымдарын білген тәжірибиелерін маған көрсетіп, үйретіп, осы жұмысты әлі күнге дейін істеп келемін. 35 жылдың аумағы болды.

Білікті дәрігердің жары Ольга Иост ол үйде отырса да өз пациенттерін ойлап отыратындығын айтады. Бар жоғы 4 сағат демалып, қалған уақытын сүйікті қызметіне арнайтын. Энергиясы да, артынан ерген шәкірттеріне айтары да көп еді. Тіпті, пациенттердің де алғысына жиі бөленетін.

Павел Сурма, емделуші:

Александр Дмитриевич көп адамның өмірін құтқарды. Мен де оның алдынан өткенмін. Сондықтан алғысым шексіз. Нағыз істің адамы. Өз қызметін барын салып істейді.

Александр Дмитриевич медицина тілінен бөлек, емделушілерді рухты сөзімен жігерлендіретін. Өмірге деген құлшынысын арттыратын,-дейді әріптестері. Еске алу шарасы барысында ардақты дәрігердің өмірбаяны айтылып, «Лайықты есім ұмытылмайды» атты деректі фильм көрсетілді. Кәсіби білікті маманның есімі ұлым дейтін ұлты барда ардақтала берері сөзсіз.


Зұлқарнай Ермұратұлы, Евгения Мягченко