Павлодарда белгілі музыкант, композитор және коллекционер Наум Шаферді еске алу кеші өтті. Оның шығармашылық және өмірлік жолын әріптестері мен жақындары еске алды.
Бұл кеш Наум Шафер мен оның туыстары үшін ерекше жер - мұражай үйінде ұйымдастырылды. Ол мұражайдың бой көтеруіне бар күші мен уақытын жұмсады.
Ажар Сағандықова, Шафер мұражай-үйінің басшысы:
Біз Наум Григорьевичтің Дунаевскийдің шығармашылығын ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның музыкалық мұрасын да зерттеу жұмысын бастағаннан кейінгі жылдарды еске алдық. Сондай-ақ оның музыкант, композиторлық шеберлігінен туындаған әндерін тыңдадық.
Кездесуге композитордың жұбайы Наталья Капустина да қатысты. Ол ұзақ жылдар бойы павлодарлық коллекционерді қолдап, ол үшін нағыз муза бола білді.
Наталья Капустина, жұбайы:
Қырық күн өтіп, түсіме кіруді тоқтатты. Әр түн сайын түсіме кіретін. Мен оны сезінемін.
Наталья Капустина еске алу кешіне келген адамдарға алғысын білдірді. Сондай-ақ ол 25 мыңнан астам жазбалары бар қормен әрі қарай жұмыс істеуді сұрады. Кеште Наум Шафердің сүйікті туындылары шырқалды.
Ақмаржан Қалымбек, Ермек Сапаров