Негізгі Жаңалықтар Бұқар Жырау музейіне Жұмат Шаниннің шапаны табысталды

Бұқар Жырау музейіне Жұмат Шаниннің шапаны табысталды

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі құнды жәдігермен толықты. Мұражайға режиссер, драматург, жерлесіміз Жұмат Шаниннің шапаны табысталды. 


Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Ертіс бойының жауһарлары» атты көшпелі көрме өткізді. Оның аясында дөңгелек үстел де ұйымдастырылды. 

Шапан түйе жүнінен тігілген. Жұмат Шанин бұл шапанды Павлодарға келгенде үнемі киіп жүріпті. Кейін шапаны Баянауылдағы ақсақалдардың бірінің қолына өтіпті. Біраз жылдан кейін қария шапанды Болат Шанинге табыстапты. Ал, Болат ағамыз құнды жәдігерді қайта елге қайтарып, мұражайға берді. 


Самал Қалиқызы



Бөлісу