Негізгі Жаңалықтар Қымбат технология, тегін ем: Павлодарда күрделі ота жасалуда

Қымбат технология, тегін ем: Павлодарда күрделі ота жасалуда

Павлодар облысында биыл МӘМС шеңберінде облыстағы стационарларда 300-ден астам адамға күрделі ота жасалды. Осы орайда, қант диабетіне шалдыққан науқастарға ерекше көңіл бөлінуде. Павлодар қалалық №1 ауруханасындағы заманауи жабдықтардың арқасында гибридті ота жасау қолға алынған.

Павлодар қалалық №1 ауруханасындағы күрделі жөндеу аяқталған соң гибридті операциялық бөлме жұмысын бастап, қысқа уақыт аралығында нәтижелігін көрсетіп жатыр. Емдеуде ангиограф аппараты қолданылады. Ол наркоз бен кесуді қажет етпей, сырттай қан тамырларының жағдайын көруге, олардың тарылған немесе бітелген тұстарын анықтап қана қоймай, ретке келтіре алады. Осы күні күрделі ота әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде ұсынылады.

Нұржан асылханов – Павлодар қалалық №1 ауруханасының қан-тамырлары хирургі

Қан тамырларына қатысты оталар тек осындай эндоваскулярлық тәсілмен шектелмейді. Ашық түрде де, шунттау арқылы да жасалады. Ұйықы артерияларының тарылуы кезінде мойынды тіліп ашып, инсультке әкелуі мүмкін түйіндақ толық кесіп алынады. Бұндай ота түрлерінің бағасы өте қымбат. Орташа құны 700 миллион теңге мен 4,5 миллион теңге аралығында. Әлеуметтік медициналық сақтандыру арқасында науқастарға бұл қызмет тегін ұсынлады.

Жоғары технологиялық жабдық хирургиялық араласуды ота жасау барысында заманауи визуализация әдістерімен қатар жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе күрделі нейрохирургиялық және қан тамырларына жасалатын операциялар кезінде маңызды.

Дәурен сафиулла – Павлодар қалалық №1 ауруханасы нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі

Бұл заманауи гибридті ота жасау бөлмесі ашылғаннан бері 50-жуық нейрохирургиялық операция жасалды. Біз бас миының қан тамырлары паталогияларымен айналысамыз. Бұндай гибридті ота жасау бөлімінің арқасында операцияларды ашық және эндоваскулярлық, яғни кесусіз немесе үлкен тіліксіз жасау мүмкіндігі пайда болды. Ангиограф арқасында біз қан тамырларына сырттай қол жетізе аламыз. Бұрынғыдай, ретке келтіру үшін кесіп қажет емес.   

Қалалық ауруханада бір ай бұрын ашылған диабеттік табан орталығының жұмысы да жалғасуда. Бұл жерде қысқа уақыт аралығында 30 операция жасалған. Мамандардың айтуынша, жаңа технологиялар науқастарға дер кезінде көмек көрсетуге, аяқ-қолды сақтап қалу мүмкіндігін арттыруға жол ашады. Бастысы уақытында медициналық тексеріске жүгіну қажет.

Әсел оқапова - МӘМС қоры Павлодар облысы бойынша филиал директоры

Жоғары технологиялық отаға қол жеткізу үшін науқастар учаскелік терапевтке баруы керек. Барлық зертханалық тексерістерден өтіп, салалық дәрігер арнайы комиссияға өз ұсынымын шығарады. Кейін ауруханаға жатқызу бюросы порталына кіргізіп, сырқаттың сипаты бойынша стационарға жатқызады.    

МӘМС жүйесі арқылы биыл 9 айдың ішінде облыстағы стационарларда 337 күрделі ота жасалды. 

Дархан Бекишев




Бөлісу