Негізгі Жаңалықтар Tomorrow school-да IT негіздерді үйретеді

Tomorrow school-да IT негіздерді үйретеді

Павлодарда 4 айдан бері TOMORROW SCHOOL кампусы жұмыс істеп тұр. Онда жасанды интеллекті мен айти саласының дағдыларын үйретеді. Осы уақыт ішінде 200-ге жуық адам осы оқудан өтіпті. 


TOMORROW SCHOOL еліміздегі жасанды интелектті үйрететін алғашқы мектеп. Яғни алдымен мектеп жасанды интеллект дағдыларын дамытады. Кейін идеяларды, жобаларды сол арқылы іске қосуға мүмкіндік береді.

28 қазандағы Жолдауында Президент, биыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында біз озық әрі технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет құру ісіне серпін бердік, деді. Енді бұл жұмысты әрі қарай жүйелі жалғастырып, жасанды интеллектіге негізделген цифрлық экономика құруымыз қажет. Үкімет, ұлттық компаниялар, креативті индустрия секторы осы үдеріске белсенді атсалысуға тиіс, деп қадап айтты. Осыдан ақ, жасанды интеллектіні енгізудегі жобалардың маңызды екенін түсінуге болады. 

Оқытудан өтуге тіркелу онлаин түрде жүзеге асады. Тек осы жылға қабылдау аяқталыпты, енді жасанды инттелект пен айти дағдыларын үйренгісі келетіндер тек келесі жылы оқуға өтініш білдіре алады. 


Самал Қалиқызы



Бөлісу