Негізгі Жаңалықтар «Елім менің» мүшайрасының жеңімпаздары анықталды

«Елім менің» мүшайрасының жеңімпаздары анықталды

Биыл Республика күні қарсаңында «Елім менің» атты оқушылар арасындағы мүшайра ұйымдастырылған. Онлайн өткен іріктеуден суырылып алға шыққан жас ақындар байқаудың қорытынды кезеңінде бас қосты. Толығырақ әріптесім жалғастырады.


Облыстық білім басқармасының қолдауымен әрі «Алтын сақа» орталығының ұйтқы болуымен мүшәйра бір айға жуық уақыт бұрын жарияланған. Сайысқа қатысуға жалпы елуге жуық үміткер өтінім білдірген. Ал финалда өңіріміздің бірнеше қала-ауданынан келген жеті жас ақын сынға түсті.

Асығат Тұрғанбек, «Желдірме» ақындар мектебінің жетекшісі

Біз ел ішінде жүрген жас өркен, жас ақындарды тауып, олардың шығармашылығын шыңдау негізінде болашақта елге, халыққа қызмет ететін ақындар шығуына арнайы жұмыс жасап отырмыз. Ұйымдастырушылардың тапсырмасы бойынша Республика, яғни туған елге, жерге, Отанға деген өлеңдер келіп түсуі керек еді. Түгелдей осы тақырыпқа сай келіп түсті. Осының ішінен өлең құрылысына, ұйқасына, жалпы мазмұн-мағынасына қарап, қазылар алқасы іріктеп алды.

Мүшәйра қатысушылары – 5-11 сынып аралығындағы оқушылар. Олар қазақ және орыс тілдеріндегі топтарға бөлінді. Әрқайсысы сахнада өз қаламынан туған өлеңді мәнерлеп оқып берді.

Байқау қорытындысы бойынша әр топтың үздіктері облыстық білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал бас жүлде иегеріне арнайы кубок табыс етілді.


Жұлдыз Қабыледнова



Бөлісу