Құқық қорғау қызметкерлері оқушылармен кездесті
Павлодар мектептерінде Заң мен тәртіп тұжырымдамасы аясында кездесулер өтті. Бұл жолы құқық қорғау қызметкерлері тікелей жасөспірімдерге заң мен оның ұстанудың маңыздылығын айтты. Толығырақ алдағы сюжетте.
Профилактикалық шаралар 12 мен 16 жас аралығындағы жасөспірімдерді қамтыды. Мамандар оқушыларға құқық бұзушылықтың салдары, заң алдындағы жауапкершілік және интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік туралы мәлімет берді.
Сүйіндік Қайырбаев, Павлодар облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі
– Бүгінгі күні Павлодар қаласы бойынша әр оқу орындарында осындай жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақыттағы алаяқты, кибер қауіпсіздік бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізудеміз –.
Мұндай кездесулердің басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттырып, заң талаптарын саналы түрде орындауға үйрету.
Айта кетейік, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Оның аясында оқушылармен кездесулер, құқықтық түсіндіру сабақтары және түрлі профилактикалық шаралар өткізу жоспарланған.
Байтұрсын Жұмабай