Негізгі Жаңалықтар Логопед мамандығының маңызы артты

Логопед мамандығының маңызы артты

14 қараша – Халықаралық логопед күні. Бүгінде бұл мамандықтың қоғамдағы маңызы артып, сұранысы да күшейіп келеді. Сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді түзетіп, балалардың тілдік қабілетін дамытуда логопедтердің еңбегі ерекше. Осы мамандықтың қыр-сыры мен саладағы өзекті мәселелерді әріптесім зерделеп қайтты.

Кәсіби мереке 2004 жылдан бері аталып келеді. Логопедтің міндеті тек дыбыстарды дұрыс айтуға үйретумен шектелмейді. Мамандар баланың сөздік қорын молайтып, сөйлем құрау және ойын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыруға да атсалысады. Бұл салада 13 жылға жуық тәжірибесі бар Қымбат Ғалиямқызы соңғы уақытта логопед көмегіне жүгінетіндердің қатары көбейгенін айтады.

Баланың сөйлеу дағдысы күнделікті қарым-қатынас барысында қалыптасады. Әсіресе, кішкентай бүлдіршіндердің уақытын гаджет алдында көп өткізуі, үлкендермен тікелей сөйлесудің азаюы тілдік дамуға кері әсер етуі мүмкін. Бұл ретте ата-ананың балаға көңіл бөліп, онымен жиі сөйлесуі маңызды.

Зарина Герасимова, логопед-дефектолог

- Ол енді біздің телефон мультиктер, еркелік. Мама деп қолымен көрсете салады сол үшін сөйлемейді балалар –.

Айта кетейік, қазір елдегі мұндай мамандардың саны 5 мыңнан асады. Баланың сөйлеуіндегі ерекшеліктерді уақытында байқап, қажет болған жағдайда маман кеңесіне жүгінуге шақырады. Өйткені тілдік дағдыларды қалыптастыруда ерте басталған жұмыс пен жүйелі қолдаудың маңызы зор.

Байтұрсын Жұмабай


Бөлісу