Негізгі Жаңалықтар «Қазақстан валютасы – теңгенің тарихы» көрмесі ашылды

«Қазақстан валютасы – теңгенің тарихы» көрмесі ашылды

Павлодарда ежелгі грек монеталары көрмеге қойылды. Монеталар Виктор Столяровтың жеке коллекциясынан алынды. Көрме 15 қараша валюта күніне орай ұйымдастырлды.    


Бұл Керчь аумағының Пантикопея қаласының көне жезден жасалған ежелгі обол мен халк монеталары. Түрі қарайған, ескі болғанымен талай тарихи кезеңге куә болған ақшалар. Көрмеге көбінесе коллекционер Виктор Столяровтың жинаған монеталары, белгілері қойылды. Коллекционердің сөзінше, монеталар арқылы елдің даму эволюциясын байқауға болады.

Виктор Столяров, коллекционер

Бұл жерде ҚР мен жақын мемлекеттердің 200 ден астам монетасы қойылған. Олардың барлығын балалар әкеліп отыратын. Яғни мектепте істегеннен кейін олар әкеп отыратын, кейде сатып алатынмын, солай жиналды. Осының бәрін біз сарысында көрсететінбіз, айтатынбыз. Ең көне монета 1 обол, яғни жез монета. Бұл монеталар Қазақстанға Жібек жолы арқылы келді деп ойлаймын. Одан кейін оларды Рим империясының монеталары алмастырды. Көрмеге қойылған монеталардың бәрі де біздің елімізде табылған.

Өңірде нумизматика саласын дамытып, монеталарды жинап жүрген адамдар көп емес. Виктор Столяровтың әкесі, енді міне немересі осы бағытты дамытып келеді. Бұл монеталар жинау арқылы, өлкені, өңірді, елді тануға, терең зерттеуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, көрмеге Потанин музейінің қорынан ескі шот, фоотосуреттер қойылды.  

Гүлжайнат Алиева, Потанин атындағы тарихи өлкетану музейінің бөлім басшысы

Потанин музейінен бізде міне ежелгі шот қойылған. Калькулятор қойылған. Портреттері қойылған. біздің өзіміздің музей қорынан.

Көрме 15 қарашаға дейін жалғасады. Көрем деушілер келіп, көрмені тамашалай алады. 


Самал Қалиқызы



Бөлісу