Негізгі Жаңалықтар Болашақ бағдары

Болашақ бағдары

Болашақта Қазақстанның келбеті мен экономикалық бағыты қандай болмақ? Бұл сауалдардың шешімі стратегиялық қана емес, заңнамалық деңгейде де бекітілуі қажет. Президент өз Жолдауында Құрылтайға алғашқы құрамына арнайы тапсырмалар жүктеді. Ендігі кезекте жаңа заманның талабына сай құжаттарды қабылдау бойынша ауқымды жұмыстар атқарылады.



Қазір әлем қарқынды дамуда. Ал заңнаманың осы өзгерістерге сай болуы тиіс. Бүгінде мәмілелер онлайн жасалып, бизнес цифрлық алаңға көшуде, меншік пен активтердің жаңа түрлері пайда болуда. Сондықтан Азаматтық кодексті жаңарту – өзекті әрі аса маңызды қадам. Заңдардың заманауи болуы адам құқығын қорғауға, кәсіпкерлік пен инвестициялық ортаны нығайтуға кепілдік береді. 

Серік Ілиясов, саяси ғылымдар кандидаты

Биылғы Жолдаудың өзіндік маңызы – Президенттің Құрылтайдың жаңадан сайланған мүшелеріне бірнеше құжатты қабылдау бойынша міндет жүктеуінде. Жолдауда мемлекеттік жоспарлау жүйесінің перспективалық бағыттарын айқындайтын жаңа стратегиялық құжатқа қажеттілік бар екені айтылды. Тағы бір маңызды бағыт – жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу. Президент қолданыстағы кодекстің 90-жылдары қабылданғанғанын атап өткен. Құқықтық қатынастарды реттеуде және мемлекеттің ертеңгі дамуында Азаматтық кодекстің орны айрықша.

Стратегия алға мақсат қойса, заң соған жетудің тәртібін белгілейді, ал басты көрсеткіш әрбір азаматтың тұрмыс сапасының жақсаруы болады. Жаңадан қабылданатын экономикалық өсімді қамтамасыз ететін, құқықтық қорғауды күшейтетін және мемлекеттің алға қарай сенімді ілгерілеуіне ықпал ететін нақты тетікке айналуы қажет.


Жұлдыз Қабылденова



Бөлісу