Негізгі Жаңалықтар Биыл өңірде 81 мың адамның жалақысы өседі

Биыл өңірде 81 мың адамның жалақысы өседі

Жаңа жылдан бастап бір қатар сала қызметкерінің жалақысы өседі. Білім беру, әлеуметтік спорт саласында еңбек ететіндердің еңбекақысы 25 пайызға ұлғаяды.

1 қаңтардан бастап аймақтың 81 мың тұрғынына жаңа есептелген жалақы төленеді. Өзгерістерге сәйкес педагогтардың еңбекақысы 25 пайызға өседі.

Зейнетақының ең төменгі мөлшерi 48 мың теңгеден 53 мың теңгеге дейін көтерілді. Сондай-ақ жасына еңбек өтіліміне байланысты зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 10,5 (он жарым) пайызға көтерілді.

Бұл оң өзгеріс халықтың әл уақытан көтеруге бағытталған. Бұдан бөлек, биыл қаңтардан айлық есептік көрсеткіш мөлшері өсті. 3 450 теңге болмақ.

Әйгерім Тоқпанқызы


Бөлісу