Microsoft жаңа нейрондық жүйені жасап шығарғаны белгілі. Алайда, бұл жаңашылдық алаяқтықтың жаңа түріне жол ашуы мүмкін. Енді олар өз құрбандарына туыстарының дауысымен қоңырау шалу мүмкіндігіне ие болады.

Жасанды интеллектті құрастырушылар оның кез-келген адамның дауыс тембрін сақтап, эмоциясына еліктей алатындығын айтады. Жасанды интеллекет әзірше тек ағылшын тілінде сөйлей алады. Сондықтан, еліміздегі телефон алаятарына біраз уақыт күтуіне тура келеді. Алайда, програмисттер әзірден бастап сақтық шараларын ойластыру қажеттігін айтып отыр.

Әділ Елшібаев, веб-бағдарламашы:

Әр адамның бойында өзіндік нейрондық жүйе бар. Бағдарламашылар осыған ұқсас жүйені құрастырды. Бұл біріншіден, алаяқтықтың жолын жеңілдете түседі. Егер бұндай жағдайға тап болсаңыз, сабыр сақтап, ойланған жөн. Кез-келген жолмен әңгімелесушінің кім екенін анықтауға тырысқан жөн. Мәселен, жеке сұрақтар қою тәсілі нәтижелі болады деп ойлаймын.

Яғни, сақтықпен, ұқыптылық алаяқтықтың құрбаны болудан сақтайды.

Құқық қорғаушылар қаншама ескерту шараларына қарамастан тұрғындар алаяқтыққа оңай алданатындығын айтады. Құрбан болмаудың жалғыз жолы – алаяқтықты дер кезінде тану.

Жанасыл Серікбол. Евгения Мягченко