Сыбайлас жемқорлықсыз, адал кәсіп жүргізуді мемлекет басшысы қадап айтты. Сала мамандарына бұл мәселенің алдын алу үшін нақты тапсырма берген. Қазір бұл тұрғыда жауапты сала мамандары өңірлерде арнайы құжат әзірлеп, қолдау білдіріп келеді. Бүгін өңірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің превенция қызметінің басшысы келіп, кәсіп иелерімен кездесті.

Өңірде адал кәсіп ашып, нәсіпке кенелушілер саны күннен-күнге артып келеді.

 Бұл жемқорлықсыз болашақты қалыптастыруға сеп. Алайда, ісін дөңгелетуде кейбір кәсіпкерлер кедергілерге тап болатыны да жиі кездеседі. Біздің аймақ – өнеркәсіптік өңір. Елордалық мейман тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік сала және экология бағытында іс жүргізуде бизнесмендер кедергілермен заң бұзушылықтарға тап болатынын айтады.

Саян Ахметжанов, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің басшысы:

Күнделікті өмірде бастама бизнес бастама кәсіп қандай әкімшілік кедергілермен кездеседі. Қандай тәуекелдер бар. Сол мәселе қолдау үшін. Осыны атқару үшін ары қарай осы кәсіпкерлердің арқасында өңірлердің дамуына байланысты экнонмикасына байланысты. Кәсіпті қолдау. Өйткені кәсіптің дамуы, елдің дамуымен тең болады.

Агенттік, кәсіпкерлік палатамен, жергілікті атқару органдарымен қоян қолтық жұмыс атқармақ. Басты мақсат парақорлықсыз, ашық әрі таза кәсіп жүргізіп, қолдау білдіру. Бизнестің дамуына кедергі келтіретін тәуекелдерді болдырмау мақсатында алдын алу жұмыстарына ерекше назар аударылады.

Саян Ахметжанов, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің басшысы:

Былтырдан бастап біздің агенттік осы елдегі әр өңірдегі тәуекелдер бар сыбайластыққа байланысты. Соған карта құрып сол картамен бірлесіп, жергілікті әкімшілік органдаоымен бірге су тұрғын үй жер мәселесі экология мәселелеріне көңіл аударып, жоспар түрінде қадам қадам. Жұмыс атқарып жатырмыз.

Агенттік үш бағытта жүйелі жұмыс жүргізуді көздеп отыр. Жиын барысында басты тетіктері айтылды. Енді тұжырымдамалық шаралар жүргізілмек. Кәсіпкерлікті қолдап, заңсыз бизнеске жол бермеу жұмысы кұшетеін болады. Сондай-ақ кәсіпкердің ісіне заңсыз араласатын іс-әрекеттің алдын-алатын тетіктерді енгізу бойынша жұмыс атқарылмақ.


Әйгерім Тоқпанқызы