Негізгі Жаңалықтар Балабақша тәрбиеленушілері иесіз қалған жануарларға көмек көрсетті

Балабақша тәрбиеленушілері иесіз қалған жануарларға көмек көрсетті

Павлодарда балабақша тәрбиеленушілері иесіз жануарларға қайырымдылық көмек көрсетті. Кішкентай балдырғандар ит пен мысықтарға арналған тамақтарды еріктілерге табыстады.

Балабақша тәрбиеленушілері мен оқушылар «Менің үй жануарым» атты суреттер байқауына қатысты. Онда қала бойынша 750-ге жуық жұмыс жиналған.

«Менің үй жануарым» байқауынан кейін №4 балабақшаның тәрбиеленушілері мен ата-аналары бірлесе отырып, иесіз жануарларға көмек көрсетуді жөн көрген.

Бала жүрегі қылдан да нәзік. Мейірімге толы балдырғандар арманымен бөлісті.

Балалар жинаған қайырымдылық көмек еріктілерге тапсырылды. Шара концерттік бағдарламаға ұласты. Бұл науқанда бой көрсеткен қатысушыларға грамоталар табысталды.

Ақмаржан Қалымбек


Бөлісу