Негізгі Жаңалықтар Ауылдардағы заманауи кітапханалар

Ауылдардағы заманауи кітапханалар

Тереңкөл ауданы

Кітапхана – білім мен руханияттың ордасы. Бүгінде бұл мекемелер тек кітап оқитын орын ғана емес, азаматтар бас қосатын мәдени орталыққа айналып келеді. Тереңкөл ауданында да кітапханалардың жұмысын жаңғыртуға басымдық берілген. Соның нәтижесінде бірқатар ауылда заманауи коворкинг орталықтары ашылып, оқырмандарға қолайлы жағдай жасалуда.


Тереңкөл ауданында барлығы 15 көпшілік кітапхана жұмыс істейді. Олардың қызметін заман талабына сай жаңарту мақсатында кезең-кезеңімен коммуникациялық орталықтар ашылуда. Бұл ауыл тұрғындарының білім алып, бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

Зәуреш Қаббасова, Тереңкөл ауданы орталықтандырылған кіапхана жүйесінің басшысы

Енді біздің коммуникация орталықтарымыз заманауи жабдықталған. Интернет бар, сөрелер жасалған. Оқырмандарымызға жақсы жағдайлар жасалды. Осы модернезация арқылы. Оқырмандар сұранысы бойынша жылда бізге қызықты кітаптар түседі. Балалар мен ересектер назарына шығатын кітаптар түсіп отырады кітапханаға. Қазір Аққайын ауылдық кітапханасындамыз. Шекарадан өте алыс емес. Орталықтан алыс болғанымен, жақсы жабдықталған кітапханалардың бірі.

Аққайың ауылдық кітапханасының ғимаратына 30 жылдан асқан. 2021 жылы мұнда күрделі жөндеу жүргізіліп, оқырмандарға арналған коммуникациялық орталық ашылды. Кітапхана жаңа жиһаздармен, теледидармен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Мұнда екі зал бар. Бірі – көпшілікке арналған оқу залы болса, екіншісі балалардың кітап оқып, сурет салып, бос уақытын өткізуіне арналған.

Татьяна Каспер, Аққайың ауылдық кітапханасының кітапханашысы

Күрделі жөндеу жүргізіліп, коммуникациялық орталық ашылғаннан кейін оқырмандар саны артты. Кітапханаға келушілер көбейіп, кітап беру көрсеткіші де өсті. Бұл өзгеріс балаларға ғана емес, ересек оқырмандарға да қатысты. Кітап қорымызда 6 676 дана әдебиет бар. Оның 4 350-і қазақ тілінде. Кітапхана қоры ересектер мен балаларға арналған қазақ және орыс тіліндегі әдебиеттермен толықтырылып отырады. Қазіргі таңда 102 оқырманымыз тіркелген. Балалар да күн сайын кітапханаға келіп тұрады.

Кітапхананың жаңа тынысы Байқоныс ауылында да байқалады. Мұнда бес жылдан бері заманауи коммуникациялық орталық жұмыс істеп келеді. Кітапхана іші жаңартылып, жаңа жиһаздар мен кітап сөрелері қойылған. Соның арқасында ауыл тұрғындары үшін жайлы орта қалыптасқан.

Рымкеш Икешева, Байқоныс ауылдық кітапханасының кітапханашысы

Ауылдың тұрғындары осы жерге тартылады. Өйткені бұл жер рухани, мәдени орталығы деп саналады. Сондықтан осы кітапханада біз әртрүрлі шаралар өткіземіз. Мысалы, Ыбырай Алтынсаринның 185 жылдығана арналған шара өткіздік. Балалар қатысты. Викторина өтті. Ауыл тұрғындары белсенді келеді.

Осындай жаңғырту жұмыстары Әулиеағаш ауылдық кітапханасында да жүргізілген. Мұнда да жөндеуден кейін коворкинг орталығы ашылып, келушілерге қажетті құрал-жабдықтар берілген.

Айнұр Өмірбаева, Әулиеағаш ауылдық кітапханасының кітапханашысы

Бізде жөндеуден кейін коворкинг орталығы ашылды. Балалар мен ересектерге арналған. Проектор, доска, түсті принтер, сканер берілді. Қазір барлығы бар. Кітап қоры 7504 дана. Оның ішінде 384 қазақ тілінде. 9 айдың ішінде 50 дана кітап қорына түсті. Оның ішінде 34 кітап қазақ тілінде. Басылымдар да бар. Барлығы 25 дана. Оның ішінде 10 газет, 15 журнал. Қазаөқ тілінде 12 дана. Балаларға ұнайды. Ертегілер де бар журналдарда.

Ауыл кітапханаларына келетіндердің басым бөлігі – балалар. Олар мұнда тек кітап оқып қана қоймай, түрлі ойындар ойнап, танымдық дүниелермен танысады. СХН: Әмірхан Өмірбаев, 4-сынып оқушысы

Кітап оқимын. Ойнаймыз. Мультфильм қараймыз. Пазл мен конструктор ойнаймыз.

Тереңкөл ауданындағы ауыл кітапханаларының жұмысы осылайша жаңа бағытта дамып келеді. Заманауи жабдықталған орталықтар тұрғындардың білімін толықтырып, балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға жол ашады.


Сабина Жолдаспаева






Бөлісу