Негізгі Жаңалықтар Қыс -2026

Қыс -2026

Павлодар облысында жолда қалған автобус жолаушыларын және қар құрсауынға қалған азаматтарды іздеу және құтқару үшін арнайы операция ұйымдастырылды. Осылайша «Қыс-2026» Оқу жаттығу аясында күштік құрылымдардың дайындығы пысықталды. 


Алдымен арнайы техниканың дайындығы тексерілді. Қаз қатар тұрған көліктер қыста орын алуы мүмкін деген кез келген жағдайға әзірлігін көрсетті. “Қыс-2026” командалық штабтық оқу жаттығуы бірнеше сценарийі бойынша өтті. Техногендік апаттың алдын алынып, автобуста қалған адамдар қауіпсіз жерге эвакуцияланды 

Оқу жаттығуға өңірдің барлық күштік құрылымдары, төтенше жағдайлар қызметі, коммуналдық мекемелер мен кинологтар жұмылдырылды. Оқу-жаттығудың басты мақсаты – қыс мезгілінде болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және олар орын алған жағдайда жедел әрекет ету дайындығын пысықтау.   

Қыс мезгілінде қарлы боран мен жолдардың жабылуы адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан мұндай оқу-жаттығулар құтқару қызметтерінің дайындығын тексеріп қана қоймай, төтенше жағдай кезінде әрбір қызметтің үйлесімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Қыс уақытында малшылар мен малын іздеген адамдардың жоғалуы жиі тіркеледі. Мұндай жағдайда кинологиялық бөлімшенің де пайдасы мол.

Жылыту пункттерің әзірлігі де бір тексерілді. Себебі қыста жолда орын алған түрлі жағдайларда алдымен адамдар осында орналастырылады. 

Сонымен, оқу жаттығуға арнайы техника, теміржол көлігі де жұмылдырылды. Оқу жаттығу аясында жоғалғандар табылып, жолда қалғандар құтқарылды.   

Самал Қалиқызы



Бөлісу