Жасөскіндердің «Жайдарман» ойындары
Павлодарда «Жайдарман» мектеп лигасы араға 10 жыл салып қайта жанданды. Қалалық кезеңде шаһардың 22 мектебі бақтарын сынап, керемет ойын көрсетті. Үздіктер облыстық кезеңге жолдама алды.
«Жайдарман» ойындары – күлкіге қарық қылып, ән мен биге толы мекен. Ең бастысы «Жайдарман» жастардың басын қосып, сахнада еркіндік берген алаң. Біраз үзілістен кейін қала оқушыларының «Жайдарманды» сағынғандары байқалды. Бәрі де қызу дайындықпен келіпті.
Есмырза Белгібаев, қатысушы
Біздің командамыздың атын «Бір үйдің балалары». Өзіміз осы іріктеу кезеңінен өтіп, қалалық кезеңде ойнауға келіп отырмыз. Кейбір командалар болады сөзін ұмытып қалады. Тоқтап қалады. Ұқпай қалады. біздің командада әрі қара әкетіп ойнап кете аладық қабілеттеріміз бар. біз парламенттен балаларды жинап, сапаларын тексеріп, солай командаға кіргіздік.
Қалалық деңгейде бақтарын сынауға 22 команда мүмкіндік алды. Айта кетсек, Павлодар қалалық мектеп лигасы араға 10 жыл салып, қайта жанданып отыр.
Ойынның жүлде қоры 150 мың теңге, бұл 1,2,3 орын алған командалар арасында бөлінеді деді ұйымдастырушылар. Чемпион болған команда 13 қарашада облыстық лигада бағын сынайды. Ал, облыстық кезеңнен сүрінбей өткен команда Астана қаласында өтетін Маусымашар 2027-ге қатысады.
Самал Қалиқызы