Негізгі Жаңалықтар «Unicef zhastary»: Павлодар белсенділеріне жаңа мүмкіндіктер

«Unicef zhastary»: Павлодар белсенділеріне жаңа мүмкіндіктер

Павлодар жастары халықаралық волонтерлік қозғалысқа қосылу мүмкіндіктерімен танысты. Өңір белсенділеріне «UNICEF ZHASTARY» бағдарламасы ұсынылды. Шара аясында балалардың құқықтарын қорғау, психикалық денсаулық мәселелері және жастарға арналған әлеуметтік жобалар талқыланды.


БҰҰ балалар қорының (UNICEF) Қазақстандағы өкілдігі Павлодарда «UNICEF ZHASTARY» халықаралық волонтерлік бағдарламасын таныстырды. Аталмыш ұйым әлдемдік деңгейдегі өзекті проблемларды шешу жолындағы еріктілер жұмысын ұйымдастырады. Осы орайда, Павлодардағы Торайғыров университеті қабырғасында Ертіс-Баян өңірінің волонтерлары тәжірибе алмасудың жаңа жаһандық мүмкіндіктерімен танысты. Бұл серіктестік арқасында белсенді жастар білімін де жетілдіріп, түрлі оқыту курстарына қатыса алады екен.

Ерсін мұратхан - unicef ұйымының қазақстандағы шығыс өңірлік волонтерлар хабының үйлестірушісі

Олар 8 тақырып бойынша онлаин курстан өтеді тегін. Халықаралық сертификат алады. Оқушы, студент болсын Еуропадан академиялық ұтқырлық бағдарламасымен дағды алады. UNICEF жастарға халықаралық қатынастарда үлкен мүмкіндіктер ашады деп ойлаймыз. 

Шараға Павлодар облысының жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, мектеп оқушылары және белсенді жастар қатарынан 200-ге жуық адам қатысты. Олар UNICEF қызметінің басым бағыттарымен және халықаралық волонтерлік бағдарламаның мүмкіндіктерімен танысып, балалардың құқықтарын қорғау, психикалық денсаулық пен психологиялық әл-ауқатты қолдау, инклюзивті білім беру және тең мүмкіндіктер қалыптастыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Томирис бейсенова – Павлодар облысы еріктілерінің аймақтық фронт-кеңсесінің жетекшісі

Меніңше, бұл жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Біздің еріктілер шеберліктерін шыңдап, тәжірибе алмасуға кұштар. Сондықтан бұндай ірі халықаралық ұйымның Павлодарға келуі жастар үшін керемет жаңалық деп білемін. Бұл балалар құқығын қорғауға негізделген қор екендігі де аса өзекті.

Павлодарлық белсенділерге «UNICEF ZHASTARY» білім беру платформасы, волонтерлік қызметке қосылу тәртібі және жастарға арналған әлеуметтік жобалар туралы да ақпарат берілді. Өңіріміз еріктілер қозғалысы бойынша Қазақстандағы көшбасшылар қатарында, ал осындай халықаралық ынтымақтастық арқасында біздің волонтерлар жаңа белестерді бағындырмақ. 

Дархан Бекишев


Бөлісу