Негізгі Жаңалықтар Павлодарда Digital Qazaqstan Day алаңы ұйымдастырылды

Павлодарда Digital Qazaqstan Day алаңы ұйымдастырылды

Павлодар облысы IT саласындағы жаңа стартап жобалар көбінесе жасанды интеллектке негізделген. Қызықты идеялар демеушілердің қолдауын табу үшін арнайы бас қосу жиындардың маңызы зор. Бұндай мүмкіндік Digital Qazaqstan Day атты шара аясында пайда болды. Бірегей жиын облыстағы үздік IT мамандарының басын қосты.


Павлодардағы Достық үйінде цифрлық технологияларды дамытуға және заманауи IT шешімдерді енгізуге арналған Digital Qazaqstan Day атты іс-шарасы өтті. Жиын цифрландыру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін таныстыруға және тәжірибе алмасуға бағытталды

Ердос жүсіпов - Павлодар облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы

Осы күні цифрлық технологиялар экономикалық даму, мемлекеттік басқарудың тиімділігі, халықтың өмір сүру деңгейінің сапасын айқындайтын негізгі құралға айналған. Павлодар облысы сынды еліміздегі ірі өндірістік аймақ үшін цифрлық трансформация кәсіпорындарды жандандыруға жол ашады. Сол арқылы заманауи IT эко жүйесі пайда болады.

Өңіріміздегі саланың үздік мамандары мен ірі компания өкілдері бір алаңда бас қосты. Пікір алмасу тақырыптары ішінде жасанды интеллект тәуекелдері ерекше қызығушылық туғызды. Көптеген жастардың стартап жобалары осы мәселеге негізделген. 

Данияр мамытбек - Pavlodar hub жетекшісі

Қатысушылар IT саласындағы жетістіктері жайлы айтып, өзара тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды. Ірі компаниялар қызықты стартап жобалары жайлы біліп, өз қарамағына алуы мүмкін. Бұл үшін арнайы аллея, көрме жасадық. Пікірталас, хакатон, түрлі жиындар ұйымдастырылып, басты мақсатымыз ортақ. Жаңа дарындарды анықтап, оларды қолдау.

Digital Qazaqstan Day алаңы IT саласына қызығушылық танытқан жастарға, мамандарға және кәсіпкерлерге жаңа білім алуға, кәсіби байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер Ертіс-Баян өңіріндегі цифрлық мәдениетті қалыптастыруға және технологиялық әлеуетті арттыруға ықпал етеді.

Дархан Бекишев


Бөлісу