Негізгі Жаңалықтар Шарбақты ауданында ірі аграрлық жоба іске асуда

Шарбақты ауданында ірі аграрлық жоба іске асуда

Шарбақты ауданы

Облыс әкімі Асайын Байханов Шарбақты ауданында болды. Ауданда ауыл шаруашылығы саласында қолға алынған ірі жобамен танысты. 

 

Облыс әкімі Асайын Байханов Шарбақты ауданына жұмыс сапары барысында жергілікті кәсіпкерлер Сергей және Дмитрий Белявский қолға алған ірі агрожобаның барысымен танысты. 619 гектар алқапта суармалы егіншілікті дамытуға бағытталған. Жоба аясында қазіргі уақытта су жинау қоймасының құрылысы жүргізіліп жатыр. Аграрийлер мемлекеттік қолдау тетіктерін пайдалануды да қарастыруда.

Алдағы уақытта өнімді сақтауға арналған көкөніс қоймасын салу да көзделген. Жаңа шаруашылықтың іске қосылуы өңірде картоп пен көкөніс өндірісін ұлғайтып, суармалы егіншілік көлемін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Дархан Бекишев



Бөлісу