Құрылыс бүгінгі тіршіліктің басты қажеттіліктерінің бірі. Экономиканың да негізгі көрсеткіші болып саналады. Алайда, сапасыз салынған үйлер мен нысандардан тұрғындар жапа шегіп жатады. Бұл тұрғыда мамандар не дейді?
Қала құрысылының заңдылығын, сапасын бақылайтын арнайы басқамраның айтуынша, жыл сайын мониторингтер жүргізіліп, заңсыздыққа қатысты тиісті шаралар қабылданады. Әсіресе халық көп шағым түсірген нүктелі құрылыстардың дауы айтарлықтай мәселеге айналған. Бүгінгі таңда бірқатар құрылысты тоқтатып, бұзу туралы сот шешімі де шығыпты.
Арман Шағарманов, мемлекеттік қала құрылысын және сәулет бақылау басқармасының бас маманы:
Естай көшесі 102, Максим Горький көшесі 27 және Сәтбаев кқшесі 245 бөлшек 1 мекенжайларындағы заңсыз құрылыстарды бұзу туралы сот шешімі шықты. Біз бұл мониторнгті қалалық сәулет бөлімімен бірлесе атқардық. Қазіргі уақытта сот шешімі заңды күшіне еніп, материалдар сот орындаушыға тапсырылған.
Бұл бағыттағы жұмыстары биыл да жалғаспақ. Мәселен, Қамзин көшесі 102 мекенжайындағы нысанды бұзу жөнінде аппелациялық сот жүріп жатыр. Сәуір айында шешім шығуы тиіс. Осылай көптеген мысалдарды келтіруге болады. Бұл жеке құрылыс нысандары. Басқарма сонымен қатар мемлекеттік тапсырыспен салынып атқан құрылыстардың да сапасын жіті қадағалаудамыз дейді.
Арман Шағарманов, мемлекеттік қала құрылысын және сәулет бақылау басқармасының бас маманы:
2022 жылы «Достық» шағын ауданында құрылыс жүргізіп жатқан ондаған субъкті әкімшілік жауапкершілкке тартылды. Олар жобалық талаптарды орындамаған құрылыс мекемелері мен дер кезінде есеп жасамаған техникалық бақылаушылар.
Бұндай жұмыстар облыс орталығынан бөлек аймақтың өзге де қалаларында жүргізіледі. Мәселен, Ақсу қаласындағы көпқабатты үйді салған құрылыс мекемесі жіберген қателігі үшін лицензиядан да айырылған.
Арман Шағарманов, мемлекеттік қала құрылысын және сәулет бақылау басқармасының бас маманы:
Тексеру кезінде тапсырысты орындаушы жобадан мүлдем тыс әрекетерге барған. Қажетті құрылыс талаптарын орындамамаған.
Сонымен қатар, биылғы жылдың басында жүргізілген тексеру нәтижесінде Ақсу қаалсындағы жылыту қазандығындағы құрылысындағы қателіктер де анықталған.
Жанасыл Серікбол