Павлодар ауданы Луганск ауылында тұратын бір үйдің ағайындылары Испанияның футбол академиясына жолдама алған. Алайда, онда барып шыңдалу үшін 7 мың еуро көлемінде қаражат керек. Спортшылар Павлодар жұртшылығынан қол ұшын созуды сұрайды.

Футболшыларды іріктеу шарасы елордада өткен. Ағайынды Мадияр мен Әнуар Әбдешевтер 70 футболшының ішіне көзге түскен. Енді олар кәсіби деңгейде шыңдалуды мақсат тұтып отыр. Ал, ауылда спорт кешені жоқ. Сонда да команда құрып, өздерінің сүйікті спорт түрлерімен тұрақы айналысуда.

Әнуар Абдешев, футболшы:

Ол іріктеуге үлкен үмітпен бардым. Өтемін деген сенім болды. Үмітіміз ақталып, арманымызға бір табан жақын тұрмыз. Көмек қолын созған адамдарға алғыс айтамын.

Мадияр Абдешев, футболшы:

Футболшы болуды армандаймын. Бұл мен үшін мүмкіндік болып тұр. Испанияға барып, жаттыққым келеді.

Балалар 2016-жылдан бері футбол ойнап келеді. Барлық шығындары ата-аналарын бес бала тәрбиелеп отырс ада көтеруде. Десе де, облыс орталығына апарып тұрақты түрде жаттықтыру үшін уақыт пен қаржы қажет.

Жұлдыз Абдешева, Луганск ауылының тұрғыны:

Балларым өздері дайындалып жүр. Команданы да өздері құрды. Команданы ауылдың құрметіне «луганск» деп атады. Мен оларды облыс орталығын апарымн. Олар бапкерілері болмаса да алаңда ойнап қайтады. Мен ұлдарыма сенемін. Мақсаттары айқын. Және оған жету жолында тырысуда.

Оларды Испанияға жіберу үшін ата-аналарына 7 мың еуро көлемінде қаржы керек. Жулдық әлеметтік желі арқылы көмек сұрады. 2 күннің ішінде ақйырымды жандар 300 мың теңгеге жуық қаржы аударыпты.

Жанасыл Серікбол, Евгения Мягченко