Қазақ ән өнерінде өз қолтаңбасы бар әнші Жұбаныш Жексенұлы өз шығармашылығы мен қазақ өнері жайлы арнамызға сұхбат берді. Есті әндерді қалай өңдеп жаңа өмір бергені, бүгінгі сапасыз әндер мен талғамсыз әншілер жайлы да өз пікірін ашық білдірді.

Қазақ эстрадасына өзіндік леппен келген, «Нұрикамал», «Ауылым» әндері арқылы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген Жұбаныш Жексенұлы ойлы ән орындайтын ат төбеліндей өнерпаздар қатарынан. Шығармашылығындағы жаңалықтар мен өзгерістерге тоқталған өнер иесі әр тақырыпта ашыла сұхбат берді. Жаңа бағытта жазылған, әлемді кокронавирус жайлаған кезде шыққан «Дімкәс қала» әнінің қалай дүниеге келгені жайлы бөлісті.

Репертуарындағы тағы да басқа әндерінің тарихына тоқталған Жұбаныш Жексенұлы алдағы жоспарларымен де бөлісті.