Шіліңгір шілденің ыстығы келді. Осы аптада еліміздің барлық өңірлерінде аптап ыстық болады деп күтілуде. Ауа райы болжамы жайында келесі сюжетте.

Жаз мезгілінің ортасында ел бойынша аптап ыстық орнады. Апта бойы Павлодар аймағында 37-40 кейбір жерлерде 42 градусқа дейін күн ысиды деп күтілуде. Өңірдің солтүстік-батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Мұхаммед Бақтыбай, инженер синоптик:

Павлодар облысында ыстық ауа райы сақталады. 34-39 градусқа дейін аптаның ортасында ауа райы. Аптаның ортасында ауа райы күшетіп, 42 градусқа дейін ыстық болады. Түнде 15-20 градус жылы болады.

Казгидромет болжамы бойынша бұл күндері өңірдің кейбір аудандарында күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады. Келесі аптаның басында ыстық басылып, орташа температура 27-29 градус жылы болады.

Әйгерім Тоқпанқызы