Екібастұз қаласының тұрғыны ішімдік ішіп, балалары мен әйелін ұратындығы туралы жаңалық әлеуметтік желі қолданушыларының жағасын ұстатты. Көршілерінің сөзінше алкогольдік сусын ішіп, бірнеше рет жауапкершілікке тартылған. Бұнымен қоймай, жақын маңдағы көршілеріне де сес көрсетеді екен.

Екібастұз қаласындағы Ломоносов көшесіндегі мына үйдің тұрғындарынан маза келткелі қашан?! Осыдан тура екі жыл бұрын кәмелет жасқа толлмаған балалары бар отбасы көшіп келіп, жұрттың берекетін алыпты. Сөздерінше, күйеуі ішімдік ішіп, бала-шағасын соққыға жылатын көрінеді. Тұрғындардың бірі дәл осындай арызбен «НЕмолчи» қоғамдық қорына шағымданыпты. Түн ішінде үрімдей жас балалардың жалаңая далаға шығып жылайтыны жөнінде бейнежазбасы да бар екен.

Осыған қарамастан көп балалы ана уақытша тұрғылықты жерін ауыстырған екен. Мәселеге қатысты көршілері камераға сұхбат беруден бас тартты. Біздің түсірілім топ, 11 шілде күні «қатігез әкеден» зардап шеккен ер адаммен сөйлесіп көрді. Қазіргі уақытта көршісінің үстінен арыз жазыпты. Күдікті бұға дейін деп ішімдік ішкендігі туралы жауапкершілікке тартылыпты. Ал, көршілерінің кейбірі керісінше бұл отбасын жамандауға қимаймыз,-дейді.

Гүлсара Закашева, көршісі:

Бұл отбасы өте тиянақты. Ол қамқор ана. 4 баланы тәрбиелеп отыр. Балаларының барлығы ұқыпты, тәрбиелі. Отбасында зәбір көреді деп айтпас едім. Әрине, отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Арасында ондай-ондай болып тұрады.

Көршілерінің шағымынан соң арнайы жасақталған комиссия мүшелері аталмыш отбасының үйіне тексеріспен барды. Комиссия құрамында құқық қорғау қызметкерлері мен білім беру бөлімінің мамандары және «Екібастұз балалар қорының» мүшелері бар. Соққыға жығылды деген қыз баланы дәрігерлер бақылауға алып, соққы іздері жоқ деген шешім шығарды. Ал, мектеп басшылығы бұл отбасы көп балалылар тізіміне алған.

Рустам Омаров, Екібастұз қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция бөлімінің бастығы:

Жұбайының арыз жазудан бас тартуына қарамастан ер азаматтың үстінен әкімшілік іс қозғалды. Ал, азаматқа 30 тәулік ішінде көршілері мен отбасына жақындауға тыйым салынды.

Білім беру басқармасының тізімінде 351 аз қамтылған отбасы тіркелген. Әлеуметтік сала мамандары мен мектеп ұжылы ай сайын барып тесеру жүргізіп тұрады. Бірақ, шын мәнінде бұл отбасыларда қандай жағдай болып жатқаны беймәлім. Ал, «Немолчи» қоғамдық қорының өкілдері мұндай оқиғаларға көз жұма қарамауға шақырады.

Зұлқарнай Ермұратұлы, Евгения Мягченко