Еліміздің 14 қаласында мыңнан астам құрылыс заңсыз салынған. Мамандардың айтуынша, бұған жергілікті атқарушы органдардың бас жоспарға және егжей тегжейлі жоспарлауға немқұрайлы қарауынан болған. Павлодар қаласында соңғы үш жылда 50-ден астам құрылыста заң бұзушылықтар анықталды. Мәселенің мән-жайын тілшіміз біліп келді.
Елімізде заңсыз құрылыс салушылар көбейген. Бас прокуратураның мәліметінше, мыңнан астам нысан заңсыз бой көтерген. Тек Павлодар қаласының өзінде мұндай құрылыстар 50-ден асады.
Арман Шағарманов, Павлодар облыстық мемлекеттік сәулет құрылысы және бақылау инспекциясының бөлім басшысы:
Сот жарлығы бойынша Павлодар облысында сүрілуге тиіс үш объекті бар. Сол үш объект Павлодар қаласында Естай 102 көшесі бойынша, Сәтбаев көшесінде 245\1 және де Максим Горький көшесінде 44. Екі объект бойынша сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Павлодар педагогикалық университетіне жатақхана саламыз деген инвестор жерді жекеге сатып жіберген. Салдарынан ол аумаққа тұрғын үй салынды. Ал Луговой көшесіндегі мына үй ғимараттың қабаттар санын арттырып жіберген.
Талғат Әлібаев, Павлодар Облысы прокурорының бірінші орынбасары:
Жер жеке адамға жеке тұлғаға беріледі. Сосын одан басқа жеке тұлға алып алады да жаңағы құрылыс нысанын өзі соғады да ары қарай мен соқтым осыны заңдастырып беріңдер дейді. Ол заңсыз оның істеп отырған әрекеті.
Ал құрылыс саласының мамандары бұндай заңсыздықтардың көбеюі бақылаудың жоқтығынан - деп отыр. Өйткені, 2016 жылдан бастап, мемлекеттік сәулет, құрылыс инспекциясы тексеру құзыретінен айырылыпты. Соның кесірінен кәсіпкерлерге басы артық тексеру жүргізуге болмайды.
Нұргүл Қайырденова, Құрылыс саласының сарапшысы:
Бұл жерде біз көбінде ГАСКны айтамыз ғой, солардың кінәсі неге бақыламайды деп соларға кінә арта бастаймыз. Бірақ, бұл дұрыс емес. Өйткені, бүгінгі таңда ГАСКның ондай күші жоқ, заңнан алып тастаған. Олар тіпті мынау құрылыс басталғанда тексеруге баруға да жаңағы нысанның басына бара алмайды. Ол үшін міндетті түрде біреуден арыз өтініш түсуі керек. Соның негізінде ғана рұқсат қағазын алады тексеріске содан кейін ғана орынға шығады.
Қазір салынып біткен ғимаратты ешкім тексермейтін болған. Бұл да заңсызққа жол ашып тұр. Сондықтан да, заңға қайта өзгертулер енгізу керек – дейді, депутаттар.
Бекболат Орынбеков, ҚР Парламенті сенатының депутаты:
Заңдарға өзгерістер енгізіп, міндетті түрде сәулет бақылау инспекторының санын көбейту қажет. Екінші мәселе, сәулет бақылау инспекторларының еңбекақылары да өте күрделі болып тұр. Осы мәселені шешу қажет деп біз есептейміз.+Cклейка 3:22 Бұл өте күрделі мәселе. Сол себепті мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау жұмыстарын жаңа форматқа енгізу қажет.
Құрылыста бақылаудың жоқтығынан жаңа салынған үйлер қирап қалатын болған. Бұған Қарағандағы «Бесоба» баспанасының күл талқан болуы дәлел. Ал ұлттық экономика министрлігі жаңа заңда жедел әрекет ету шарасын қарастырып жатыр. Бұл кемшілікті дер кезінде жойып, заңсыз құрылысты ерте бастан тоқтатуға мүмкіндік бермек.