Павлодарда дін және мәдениет, ізгі қоғам мәселесіне арналған конференция өтті. Шара Павлодар қалалық Бижан мешітінің 100 жылдығына арналды. Конференцияға бас мүфти Наурызбай қажы бастаған дін өкілдерімен қатар, ғалымдар қатысып, дін мен дәстүр жайлы, діннің мәденитті қалыптастырудағы ролі туралы ойларын ортаға салды.

Даламыз кең. Халқымыз дархан пейілді. Ғасырлардан бері келе жатқан мәдениетіміз, адами құндылықтарымыз бар. Қазақ халқының ең басты ұстанымы өз мәдениетін ұстана отырып, өзгелерді де сыйлау білу болды. Осы ұстаным бүгінге дейін жалғасқан.

Айзада Құрманова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Қазақстанда әр түрлі дін өкілдері өзара бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатыр. Сондықтан, біздің басты мақсатымыз осы қоғамдағы келісімді сақтау және әрі қарай дамыту. Қазақстан әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің басын бір шаңыраққа қосып, ашық диалог өткізіп, ортақ бір келісімге келуге зор мүмкіндік жасауда. Мәдениеттер мен дәстүрлердің және көптеген көзқарастарға қарамастан біздің ел діни негізде қақтығыс орын алмаған мемлекет. Осы дәрежемізді, осы жетістігімізді бағалуымыз қажет, ағайын.

Шара Павлодар қаласындағы Бижан мешітінің 100 жылдығына арналды. Сол уақыттағы ауқатты адам ретінде танылған Бижан Шоқыбасұлы 1923 жылы өз қаражатымен өгізіне арба жегіп, Шалдай орманынан қарағай бөрене тасып салдырған екен. Бүгінде бұл мешіт облыс тұрғындарының жиі бас сұғатын қасиетті орыны.

Арыстан Ғазалиев, академик:

Он тоғызыншы ғасырдың екінші бөлігі, жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде осы төңіректе 4 мешіт салынған. Аға сұлтан Мұса Шорманов Баянауылда. Хакім Абайдың әкесі, аға сұлтан Құнанбай бабамыз Қарқаралыда, үшінші мешіт Керекуц қаласында дүниеге келген.

Шараға арнайы қатысқан бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы дін мен дәстүрдің тұтастығы қазіргі уақытта аса маңызды екендігін айтты. Ешбір дін ұлттық мәдениетке күйе жақпайды. Ал, дін адамдарының қателігі үшін дінге жала жаппау керек.

Наурызбай Қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти:

Біз әрқашан осы еліміздің бірлігі үшін, ел ынтымағы үшін барымызды салып, келесі ұрпаққа осындай үлкен ата-баабмыздан қалған аманатты, Отанымызды еншалла дұрыстап, насихаттап тапсырып кету әрбір қазіргі аға буынның міндеті. Тірі кезімізде жақсылық қылу, жамандықтан тиылу біздің адами міндетіміз.

Шара аясында діни мазмұндағы кітап көрмесі, өңіріміздегі дін тарихын баяндайтын мұрағаттық материалдар көпшілікке ұсынылды.

Жанасыл Серікбол